Арнольд Шварценеггер редакторлықпен айналысады

Арнольд Шварценеггер редакторлықпен айналысады

Танымал голливудтық актер Арнольд Шварценеггерді тағы бар кәсібімен құттықтап қоялық.

Бұдан былай ол фитнес пен бодидилдинге арналған  Flex және Muscle& Fitness журналдарының бас редакторы қызметін атқаратын болады.

Айта кетелік, бұл сала Арнольд үшін тың емес. Осыдан шамамен он жыл бұрын актер дәл осы бағыттағы журналдың бас редакторы болып қызмет еткен еді. Дегенмен сол кезде бір штаттың губернаторы болып отырған ол көп ұзамай уақыт тапшылығының себебінен редакторлықтан бас тартуға мәжбүр болды.

Енді спортшы American Media Inc. компаниясына қарасты басылымдарда жарияланатын мақалаларға жауапты болады.

Актердің айтуынша, дәл осы Muscle & Fitness және Flex журналдарындағы спортшылардың фотосуреттері оның жас кезінде бодибилдингпен айналысуына түрткі болған.

Арнольд Шварценеггер 1947 жылы 30 шілдеде АҚШ-тағы Грац қаласына жақын орналасқан Таль ауылында дүниеге келген. 1968 жылы 21 жасында бодидилдингтен бірнеше премияның иегері атанды. Спорттағы карьерасын 1980 жылы аяқтады. 2003-2011 жылдары аралығында Калифорния штатының губернаторы болды. Көпшілікке "Терминатор" фильмімен етене таныс.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.peoples.ru

Massaget