Джексонның шляпасы "қолды болды"

Джексонның шляпасы "қолды болды"

Парижде өткен Drouot аукционында поп-музыка королі Майкл Джексонның бас киімі сатылды.

Алтын ілгекті қара түсті Maddest Hatter фетр шляпасы 1984 жылы тігілген. Бас киімнің ішкі жағында "Майкл Джексон үшін арнайы тігілген" деген жазу бар. 1984 жылдың 25 тамызында өткен концерттен кейін Джексон бұл шляпаны америкалық әнші Джонатан Дэвиске сыйлаған болатын. Бас киімді сатып алған адамға Дэвистің 2008 жылдың 15 шілдесінде жазған хаты мен Майклдың құрметіне өтетін концерттің VIP билеті қоса беріледі.

Шляпаның бастапқы бағасы 2 мың еуроны құрады. Бірақ мамандар бәссауда басталмас бұрын оны 4-5 мың еуроға бағалаған болатын. Ақыры не керек, соңында шляпа 8,5 мың еуроға сатылып кетті.

Музыка әлемінің аңызға айналған тұлғаларының бірі Майкл Джексон 2009 жылдың 25 маусымында 51 жасында дүниеден өті. Айта кетелік, оның Thriller атты альбомы музыка тарихында ең көп сатылған жинақ ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: segodnya.ua