Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Андрей Фендриков: "Домбыраға салғырт қарауға болмайды"

Андрей Фендриков: "Домбыраға салғырт қарауға болмайды"

Андрей Фендриков:

Андрей Фендриков – кәсіби музыкант. Отандық телеарналардың бірінде журналист болып қызмет етеді. Жастайынан өнерге бейім болып өскен ол қазақтың ұлттық аспабы домбырада шебер ойнап қана қоймай, оны насихаттауға сүбелі қосуда. Бүгінде үлкен шараларда өнер көрсетіп, жеке орындаумен қатар, «Отырар сазы» оркестрінің концерттеріне қатысып жүр. Сәті түскенде, Андреймен тілдестік.

Андрей, қазақтың төл аспабы домбыраға деген қызығушылық қай кезден бастау алды?

Жастайымнан шығармашылыққа, өнерге жақын болып өстім. Тек домбыра аспабына ғана емес, басқа да аспаптарға, биге, қолөнер мен бейнелеу өнеріне де қызығушылық таныттым. Алматыдағы №22 орта мектепте білім алдым. Алайда, сабақтан гөрі ұстаздарым мені түрлі үйірмелерден, мерекелік шаралардан, концерттерден, фестивальдар мен байқаулардан жиі көретін. Мектеп бітірген кезде мамандық таңдауға атүсті қараған жоқпын. Өнермен қоштасқым келмеді. Шығармашылығымда одан әрі шыңдау ниетпен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының классикалық гитара факультетіне оқуға түстім. Гитара аспабымен қатар, домбыра аспабын терең меңгеруге ден салдым.

Сіз белгілі күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаеваның шәкірті екенсіз. Айгүл Нариманқызымен қалай кездесіп едіңіз?

Домбыра тартуды кәсіби деңгейде үйрену үшін Айгүл Үлкенбаеваның мектебіне келдім. Бағым жанып, Айгүл Нариманқызы сияқты домбыра құлағында шебер ойнайтын жаннан дәріс ала бастадым. Менің ойымша, кез келген жас музыкант Айгүл Үлкенбаев сияқты ұстаздан сабақ алғысы келеді. Тек, әттең, көбінің оған мүмкіндігі бола бермейді. Ал жолы болғандардың барлығы дерлік үлкен жарыс-байқауларда топ жарып, өзге домбырашылардан домбырада ойнау мәнерімен ерекшеленеді. Бұған қарағанда, Айгүл Нариманқызының дәріс беруінің өзіндік құпиясы бар секілді.

Қанша домбыраңыз бар?

Қолыма алғаш рет домбыраны ұстазым Рысты Жұмаліқызы Исалиеваның батасынан кейін алған болатынмын. Ол кісі менің алғашқы ұстазым әрі домбыра үйренудің қыр-сырын ашқан жан. Ол кісінің батасынан кейін мен бұл аспапқа ерекше құрметпен, үлкен жауапкершілікпен қарай бастадым. Домбыра киелі аспаптың бірі деп есептеймін. Сондықтан да оған салғырт қарай алмаймын. Өзгелердің домбыраны тартудың орнына оны қорлап, ары-бері айналдырып, ойыншық қылғандарын көргенде ашуым келеді. Бүгінде бес домбырам бар. Бойым 2 метр. Саусақтарым ұзын. Есесіне ойнауға жеңіл болу үшін ең соңғысы әрі жаңасы арнайы тапсырыспен жасалған. Бір домбыраны маған бейтаныс шебер кісі көшеде сыйлаған. Екеуміз кездейсоқ көшеде кездесіп қалғанбыз. Қолыма жап-жаңа домбыраны ұстатып, бағасын беруімді сұрады. Домбыраны әрі-бері қарап, тартып көріп, жаңағы кісіге қайта бердім. Алайда, ол аспапты қайтып алмай: «Менің халқымның төл аспабын тартып, оны насихаттап жүргеніңе мың да бір рақмет, бауырым. Ақша деген қолдың кірі. Бұл аспапты ақшаға сатқанша, өзіңе сыйға тарттым» деп маған домбыраны сыйлады. Шебердің есімі Қайрат екен. Ол кісінің сыйы мен осы бір сөздері мені одан әрі жігерлендіріп, аспапты одан әрі терең меңгеруіме ықпал етті.

Репертуарыңызға тоқталсақ. Осы уақытқа дейін қанша күй үйрендіңіз?

Өкінішке орай, көптеген күйлерді орындаймын деп ауыз толтырып айта алмаймын. Музыка – бұл спорт емес. Саннан гөрі, сапа аса маңызды. Мен үшін бастысы - күйді дұрыстап жаттап, оны бұзбай, таза күйін сақтап, жақсылап орындап шығу. Репертуарымда Құрманғазы, Дина, Нұрғиса сияқты алыптардың күйлері ерекше орын алады.

Көптеген концерттерде өнер көрсетіп жүрсіз. Байқағаным, әр кезде жиылған жұртшылыққа тосын сый жасап жүресіз...

Иә, ол рас. Менің ойымша, концертке өнерсүйер қауым әсем әуен тыңдап қана қоймай, өзіне рухани демалыс жасап, ерекше әсер алу үшін келеді. Сол себептен де мен концертке шыққанда көрермендерге тосын сый жасағым келеді. Мысалы, Ержан Нұрғалиевтің жеке есеп беру концертінде өнер көрсеттім. Алдын ала сахнаға домбыраны қойып қойдық. Концерт кезінде Ержан сахнада неліктен жалғызсырап домбыраның тұрғанын айтып, концерт ұйымдастырушыларына ашуланып, кетіп қалды. Содан кейін домбыраны алып кету үшін жұпыны киінген сахна жұмысшылары шығады. Араларында мен де бармын. Бір кезде мен домбыраға жақын келіп, үстімдегі шаң басқан киімімді шешіп, аспапты қолыма ұстап, Динаның «Науайы» күйін тарта жөнелдім. Аң-таң болған көрермендер күйді орындап біткенде ұзақ қол шапалақтап тұрып алды. Бұл нөмерді ғаламтордан көруге болады.

Қазақтың қара домбырасында шебер ойнап қана қоймай, қазақ тілінде де жақсы сөйлейсіз

Қазақ тілін мектепте оқып жүргенде өз бетімше үйрене бастадым. Сабақтан тыс уақытта қазақ тілінен жеке дәріс алып жүрдім. Ал негізі, қазақ тіліне деген қызығушылығым бала кезімде оянған. Төрт жасымда анам маған қазақша амандасуды, жөн сұрасуды үйрете бастады. Далаға шыққан кезде подъезд алдында отырған үлкен ақсақалдар мен әжелердің алдына келіп: «Сәлеметсіз бе?!», «Амансыздар ма?!», «Қалдарыңыз қалай?!» деп қолымды беріп, сәлемдесіп жүретінмін. Менің сәлемімді алған үлкен кісілер баталарын беріп, қалталарынан кәмпит-мейіздерін шығарып, маған ұсынатын. Қазір қазақ тілін бір кісідей түсініп, қазақ тілді ортада қазақша сөйлеймін. Менің сөйлегеніме қазақ бауырлар риза болып жатады. Ол мені тек қуантады.

Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз

Болашақ жоспарларыммен бөліскенді аса ұната бермеймін. Бәлкім, тым ырымшыл жан шығармын. Бірақ, алдағы күндері тек өнерде де ғана емес, қызметімде де биік белестерден көргім келеді. Туған қалам Алматы тарихы мен болмысы туралы ақпараттық-танымдық бағдарламалар түсіргім келеді.

Оқырман қауымға айтар тілегіңіз

Барлық оқырмандарға айтарым, уақыт тығыздығына қарамастан, анда-санда болса да филармонияға немесе опера театрына келіп, төл өнер туындыларымен сусындап қайтсын. Себебі, музыка өмірге жаңа серпіліс әкеліп қана қоймай, оны одан әрі әрлендіріп, көркейте түседі.

Сұхбаттасқан: Ғазиза Ұзақ

Суреттер Андрей Фендриковтың жеке мұрағатынан алынған

2788 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 ақпан 2013, 17:37
Пікірлер
+0
11 ақпан 2013, 17:18

Мықты... Әртістік қабілеті де бар екен өзінің! Керемет

+0
11 ақпан 2013, 20:07

домбыра тарта алмайтыным үшін жерге кіріп кетердей қатты ұяламын :oops: биыл үйренсем деп ниеттеніп жүрмін... Ал Андрейге көп рахмет)

+0
12 ақпан 2013, 03:52

жарайсың Әндірей саусақтарың дерт көрмесін

+0
12 ақпан 2013, 22:00

Жарайсың!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...