Қазақстандық Арсен Тұрғымбаев сұлулық байқауына шақырылды

Қазақстандық Арсен Тұрғымбаев сұлулық байқауына шақырылды

The Best Asian Man-2013 22 ақпанда Мәскеу қаласында өтетін болады. 

Жас ақын әрі әнші Арсен Тұрғымбаев «Халықаралық менеджмент және бизнес» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінде оқиды. 

"Мұндай байқауға алғаш рет қатысқалы отырмын. Осыған дейін тек вокалды, поэзиялық және интеллектуалды байқауларға қатысқан болатынмын",  - дейді ол. 

Айта кетерлік жайт, байқауда тек Мәскеу қаласында оқитын азиаттық келбеттегі жас жігіттер бақ сынасады. Шоу мәресіне жеткенше байқауға қатысушылар талай сыннан өтеді. Барлығы қосылып бір би нөмерін көрсету арқылы байқау шымылдығын ашады. Қатысушылар белгілі дизайнерлердің туындысын жарыққа шығарып, сән көрсетеді. Сонымен қатар, талантты жандардың дәстүрлі байқауы өтеді. 

Байқау арасында Монғолиядан, Бурятиядан, Якутиядан, Қазақстаннан және Қызғыстаннан келген әртістер өнер көрсететін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, The Best Asian Man байқауы Мәскеуде осымен екінші рет өтпек. 2012 жылы қазақстандық Арыстан Тайжан Playboy номинациясына ие болған еді. Былтырғы байқаудың бас жүлдесін Қалмақия Республикасынан келген қатысушы еншілеген болатын.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: season.kz

А. Әбілхан