Адель өз атын патенттеп алды

Адель өз атын патенттеп алды

Британдық әнші Адель өз атын патенттеді, деп хабарлайды The Sun газеті. Әнші өз атының коммерциялық мақсатта қолданылуына қарсы екен. Бұл - иіс су, бағалы тастар немесе алкогольдік өнімдер оның атын жамылып, тауар өндіретіндерге қарсы әрекет.  

Атақты жұлдыздардың атынан өнім жасау - көптеген әйгілі өнер адамдарының бас ауыртар мәселесі. Мәселен, қыркүйек айында Леди Гага Excite Worldwide LLC компаниясының үстінен арыз түсірді. Себебі аталған компания Lady Gaga брендімен опа-далап жасаумен айналысқысы келген екен. Ал Бейонсе мен Джей Зи тіпті өздерінің Блю Айви есімді қыздарының атын тауар белгісінің бренді ретінде тіркеуге тырысысса да, сот үкімі рұқсатын бермеген. Соңынан белгілі болғандай, екі жұлдыз бұл атпен балақайларға арналған киімдер топтамасын жасауды ойлаған екен.   

Адель әлемдегі ең танымал жұлдыздар қатарында. Оның "21" деп аталатын ән жинағы сатылымда ең көп уақыт тұрақтаған. Ал "Skyfall" әні Джеймс Бонд туралы фильмнің саундтрегіне айналғанын бәріміз де білеміз. Entertainment Weekly басылымының ойынша, Адель 2012 жылдың ең даңқты әншісі де болған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: telegraf.com.ua

А. Құлтай