Бибігүл Төлегенова жайлы кітап жарыққа шықты

Бибігүл Төлегенова жайлы кітап жарыққа шықты

"Бибігүл Ахметқызы - көпке үлгі. Өзінің қиын тағдырына қарамастан, талай рет жақындарынан айрылып, өмірдің ауыртпашылығын көп тартқан ол адамдарға сенім артты", - дейді жазушы Ирина Серкебаева Алматыда өткен өзінің "Бибігүл Төлегенова: сүю, үміттену және сену" кітабының тұсаукесерінде.

Кітаптың авторы - Ирина Серкебаева

Тұсаукесер Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында өтті. 

Атақты өнер жұлдызы туралы кітап "Атамұра" басылымында жарық көрді. 

Өзі туралы кітапты қолына алып, авторға деген шексіз алғысын іштей білдіріп отырған қазақтың бұлбұл әншісі

Бибігүл Төлегенова - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, педагог, опера әншісі (колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі, «Социалистік Еңбек Ері» атағының ең жоғары дәрежесін иеленген. 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі скрипкада ойнап, анасы ән салған жанұяда әрқашан әуезді әуен естілген. 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістерінің байқауында лауреат атанып, 1967 жылы 6 маусымда «КСРО халық әртісі» атағын иеленеді. Оның атында «Бибігүл Төлегенова вокалистері» байқауы бар.

 



 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kstounb.kz

А. Әбілхан