Барак Обама екінші рет «Жыл адамы» атанды

Барак Обама екінші рет «Жыл адамы» атанды

АҚШ-тың президенті Барак Обама Time журналының нұсқасы бойынша 2012 жылдың «Жыл адамы» атанды. АҚШ президенті бұл атақты 2008 жылы да жеңіп алған болатын.

Барак Обамадан басқа «Жыл адамы» атағына Египет президенті Мохаммед Мурси, АҚШ-тың бас хатшысы Хиллари Клинтон, АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон, Yahoo компаниясының бас директоры Марисса Майер, Apple компаниясының бас директоры Тимоти Кук және де 14 жасар пәкістандық блогер Малала Юсуфзай үміткер болған.

«Қазіргі таңда біз мәдени және тарихи үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Ал Барак Обама бұл өзгерістердің басты символы. Оны жаңа Американың басты сәулетшісі десе де болады», - дейді журнал редакциясының мүшелері.

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні журналдың ресми сайтынадағы дауыс беру бойынша «Жыл адамы» ретінде солтүстіккореялық Ким Чен Ынаны таңдаған еді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:  tatler.ru

Ю. НИКУЛЛИН