Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Сайын даланың Сайыны

Сайын даланың Сайыны

Сайын даланың Сайыны

Көрнекті ақын Әбу Сәрсенбаевтың тілімен айтсақ, «жастар өмірінің энциклопедиясы» болған Сайын Мұратбековтың бұл өмірден озғалы бері күн жарықтық қара жерді алты рет айналып өткен екен. Жетпістің желкесіне жетіп, жалған дүниемен қош айтысқан нағыз тұлғаның өмірлік жары Мәриям апамызбен сұхбаттаспақ ниетпен көпшілікке қонақжайлылығымен белгілі үйдің мекен-жайына тартып отырдым. Алматының аспаны алабұлттанып, күн күңгірт тартып, жаңбыр себелеп келе жатты. Мұндай күндері ауылда топырлап ұрған тамшыдан топырақ тыныстап, «жусан иісімен» тыныстаушы едік. Күзгі жауын қар аралас жаңбырға ұласса айнала «қылауланып», «қалың қардың» жауатын күнінің алыс емес екенін түсінетінбіз. Әдебиет, қасиетті қара сөздің құдіреті туралы ойларым лек-легімен санама құйылып, бүгінде Мәриям апамыз ошағының отын өшірмей түтетіп отырған Сайын Мұратбековтің қарашаңырағына қалай жеткенімді байқамай да қалыппын. Бесінші қабатқа көтерілгенімде жүзі майдай жылы, ақкөңіл келбетінен кеңдігі көрініп тұрған Мәриям апа есігін айқара ақжарқындықпен күтіп алды. Жомарт салтын жоймаған қазақы қонақжайлықтан ажырамаған ақ дастарханның басында мәнді, мағыналы әңгіме басталып та кетті. Сұхбаттың белсенді оқырмандарға қызықты, таңсық болуын көздеп, Сайын ағаның ел естімеген қырлары мен жұрт білмейтін жақтарын паш етуге тырыстым.

Манас: Мәриям апа, Сайын аға жайында өрбитін әңгімені қандай сауалдан бастаймын деп ойланып тұрмын. Асылында күллі қазақ ол кісінің өмір жолын шығармаларынан оқып, жете таныс болып алғандай. Дегенмен, көпшілік қауымға таңсық, өмірінің бір қалтарысты, әлі ешкім біле бермейтін дүниелер хақында сөз өрбітсек. «Напалеон ала алмаған даланы кең, Бальзак жаулап алыпты қаламымен» дейді. Қазақ оқырмандарын шынайылыққа құрылған балалық шақтың ащы да тұщы сәттерін көркем бейнелей білген көкжиек танымы ауқымды жазушының туған жері, балалық шағы жайында айтып өтсеңіз?

Мәриям апа: Сәкең 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. Ол ауыл Талдықорған қаласынан қырық шақырым жердегі Ақын Сара ауылы, Ғали Орманов туып өскен Қызылжұлдыз секілді көпшілікке таныс мекендерге қоңсылас табиғаты көздің жауын алатын аумақта орын тепкен. Сайын сол жерді туды, өсіп өнді, сол жердің қасиетті топырағынан нәр алып ержетті. Балалық шағына көз жүгірсек, тегі жазылған Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме-дәл келіп, әкесі қабағы қарс, талағы тарс айырылған уақытта майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, қойынына салып, Мұратбек атасы бағып қағады. Тегі де сол кісінің атына «Мұратбеков Сайын Мұратбекұлы» деп жазылған. Өзін үлкен үйдің баласымын деп әнтек әзілдеп қоятын. Алты жасқа келгенде, яғни, сонау «42-ші» жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Соғыс кезінде тылдағы еңбек күшінде қаншама әйел адамдар аянбай тер төкті. Қапалдың маңайында сол шақта басқа ұлт өкілдері көп қоныстанған еді. Солардан келген болуы керек, астық күзетіндегі Рәзия ананы ұрып-соғып, өлтіріп, өздері астықты жымқырып кеткен. Содан Сайын алты жасында жетім қалды. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақыпжамал деген кісіге үйленді. Ол кісі екінші анасы болды. Осы алты жасынан кейінгі өмірінің біраз жері «Жабайы алмада» кеңінен суреттелген. «Жабайы алмадағы» Қанат өзінің прототипі болатын. Қилы күндерді басынан кешірген балалық шағы осылай өрбіген болатын.

Манас: Сайын аға жазып қалдырған сандаған кітаптарды оқу бөлек те, оның жазылу тарихы тіптен бөлек әңгіме. Кез-келген шығарманың тарихына бойласақ бір құпия сырдың ашыларына кәміл сенімдімін. Қаламгердің әр туындысы өзінің баласындай болады дейді. Оны түйсігінде тудырып, санасында қорытып, аяғында жарық дүниеге әкеледі. Әкелгеннен кейін, болашақта өміршең болса екен деп тілекші болып отырады. Сол бір ғажайып шығармалардың қалай туылғанының куәсі өзіңізсіз. Осы жайында әңгіменің тиегін ағытсаңыз?

Мәриям апа:  Шығармаларының ішінде менімен отау құрып, от жағарға дейін жазылғаны Райгүл деген әңгімесі. Тұңғышымызға босанғанымда ауылдың апалары ат қоймақшы болып дуылдасып жатқанда, пошташының шешесі ентігіп жеткені бар емес пе? Жүгіріп жетіп Сайынның журнал бетіне шыққан әңгімесін көрсетеді көпшілікке. Содан жиылғандар біз таласпайық, әкесінің әңгімесі шығыпты «Райгүл» деген. Онда Райгүл болсын деді. Сөйтіп, тұңғыш қызымыздың есімі осылай қойылған.

Өзге жазғандарының бәрінде мен қасында болдым. Алпысыншы жылы Талқықорғандағы жұмысы қысқарып қалды дағы Алматыға қоныс аудардық. Әуежай маңынан бір пәтер жалдап, сонда бес-алты жылдай тұрдық. Көптеген щығармаларын осында жазды Сәкең. Одан кейін Қабдыкәрім Ыдырысов деген кісінің босаған үйін алдық. Біржолата қоныс тепкеннен кейін, Алматыда оның барша шығармасы дүниеге келді. Олардың қатарына «Басында Үшқараның», «Жабайы алма» сияқты повестерімен қатар күллі әңгімелерін атауға болады.

Манас: Қандай уақыттарда шығармашылықпен айналысушы еді? Мысалы, кей жазуышалар таң бозынан қолына қалам алғанды ұнатады.

Мәриям апа: Көбіне түнде отырып жазатұғын. Ой үстінде жүреді де ұшып-барып бірдеңе түртіп қоятын. Сосын бір күні ұзағынан отырады шоқайып. Түні бойы жазуға ден қойып, ертесімен жуынып-шайынып, таңғы асын ішіп жұмысқа жөнелетін. Әбіш, Қалихан, Әкім сияқты өзінің қатарластары да солай болды. Өйткені, күні бойы қолдары тимейді, барлығы жұмыс басты еді. Олай етпеске амал жоқ, заман солай.

Қаламының ең бір жүйрік кезі күз кезі еді. Жаңбырдың себелеп, қардың жапалақтап тұрғаны оған ерекше көңіл-күй сыйлайтын. Қоңыр күздің салқын самалы ескен күндері көтеріңкі күймен жүретін. Тамшының тырс-тырс етіп тамғаны, жан дүниені тербейтін әуен екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Манас: Жазушының жазғандарынан мінез-құлқын жете тануға болады. Сайын ағаның табиғи болмысын елестетсек қарапайымдылықтан бастарымыз анық. Қателеспейтін шығармыз да. Сайын ағаның табиғатын сіздің ауызыңыздан естісек?

Мәриям апа: Сәкең көп сөйлемейтұғын. Өзі де бір томпиған, ешкімге жаттығы жоқ жан еді. Ешуақытта ешкімге: не маған, не ағайын-туысқа, не балаларына дауыс көтерген емес. Қызметтестерінің арасында да сондай ұстамдылығымен ерекшеленетін. Әлдекіммен бет жыртысып, жүз шайысқан емес. Сайын біреумен айғайлап, ұрсысып қалды дегенді естіген құлақ жоқ шығар. Кім-кімге де қол ұшын беріп, көмектескеннен кет ары емес еді. Абай атамызша айтқанда, «ақырын жүріп, анық басатын» адам дер едім.

Манас: Иә, ол кісі жазушылығымен қатар азаматтығымен де іргесін берік етіп «Мұратбеков мұнарасын» тұрғызып кетті. Сонымен қатар, көрермен ықыласына ие болған бірнеше көркемфильмнің сценарий авторы болды. Бұл орайдағы сіздің білетініңіз?

Мәриям апа: Сайын үш киноға сценарий жазды. Оның алғашқысы – «Күзгі бұралаң жол». Соғыс кезінде көп әйелдер жесір қалды, көп қыздар тұрмысқа шықпай кәрі қыз атанды. Сондай бір жолдан туған баланың тағдыр жолын арқау етілген картина. Кейіпкерлердің ішінде диірменші болып Қ. Сұлтанбаев, баланың шынайы әкесі рөлінде Т. Жаманқұлов сомдады. Ол кездегі диірмендердің көпшілігі судың басына салынушы еді ғой. Сондай диірмен басындағы сюжетте мынадай қызық эпизодтар орын алады. Бала рөліндегі Қанаттан диірменшілер «қай жылғысың» деп сұрайды. «Қырық алтыншы жылғымын» деп жауап берген бала «әкең қайда» десе, «соғыста өлген» дейді. Осындай бір бергі жағы әзіл болып көрінгенмен ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен соғыс кезі мен соғыстан кейінгі қарама-қайшы тірліктің бетпердесін ашатын туынды еді бұл. Бұл киноны түсірген Едіге Болысбаев деген режиссер.

Одан кейін Сатыбалды Нарымбетов түсірген «Ұлтуған» фильмі еді. Бұл да сондай қилы тағдыр жолы суреттелетін көріністерге бай кино болды. Үшіншісі «Тел өскен ұл» деген кинокартина. Бұл туынды көп жылдар бойы көрсетіліп келеді. Өйткені, Қазақстан халықтары ассамблеясының жиналыстарында үнемі қойылатын фильм, бірнеше ұлт өкілдеріне тату-тәтті, береке-бірлікте күн кешуді үндейтін шығарылым. Ю. Смирнова, Б. Римова сияқты танымал әртістер түскен көрнекі туынды көрермендер көңілінен шыға білді. 

Манас: Сайын Мұратбековтың барша оқырмандарына, яғни, күллі қазақ қауымына ол кісінің қаламға қатысты өнер түрлерінен басқа қандай қырлары барын айтып берсеңіз?

Мәриям апа: Сәкең еңбектің адамы еді. Жаңа айтқанымдай күндіз қызмет бабымен болса, түнде жазуға отыратын. Ол кісінің өзіне ғана жарасатын әзілқойлығы бар еді. Өз ортасындағы қаламдастарына қалжыңдап шығарған шымшымаларын барлығы ұмытпай, ерекше күліп жүретін. Қалихан Ысқақ, Бек Тоғысбаев, Рамазан Тоқтаров, Әкім Таразилар осы қатарда еді. Анда-санда қолына домбыраны алып, жолдастары қолқалағанда қазақы қоңыр дауысымен ән де айтатын.

Манас: Ұлтымыздың осындай біртуар тұлғасының жұбайы туралы білсек?

Мәриям апа: Мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында 1938 жылы туғанмын. Өмір бойы дәрігерлік қызметте болып, зейнетке шыққан жанмын. Кішкентайымнан нағашыларымның қолында өскенмін. Әке-шешем Ақсу ауданында мұғалімдік қызметте болды. Кейіннен осы салада табысты еңбек сіңірдіңдер, енді Қапалдағы Қоңыр ауылындағы мектептің жағдайы ақсап тұр деп сонда көшіп барды. Ол жерде әкем отыз жеті жасында қайтыс болды. Шешеміз бес баламен баламен қалды. Сонда үйдегі бабалардың үлкені менмін, ең кіші сіңліміз екі айлығында еді. Әкем өмірден өткеннен кейін мені нағашыларым балаларға бас-көз болсын деп, Қоңырға барып, он бір жасымнан оқуымды сол жерде жалғастырдым. Сәкеңмен де таныстығым Қоңырдан бастау алған-ды. Онда ол Талдықорғанда мектепте оқитын. Жазғы демалысқа келгенде, үйінің сыртындағы күншуақта шұқшиып кітаптан бас алмай отыратынын көп көруші ем.

Манас: «Жазушының жұбайы» деген жақсы тіркес бар. Өнер, шығармашылық адамының жары бола білу, жағдайын жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Осы жайында ой тарқатсаңыз?

Мәриям апа: Жалпы жазушы болсын, ақын болсын, әртіс болсын бұлар шығармашылықтың, көңілдің адамдары ғой. Сондықтан оларға төзе білу керек. Олардың артық кеткен жерін асырып мақтап отыру керек те, кем түскен жерлерін бетіне баспай жасыра білу керек. Сәкең екеуміз елу жылдай бірге ғұмыр кештік. «Шәй» десіп ұрсысқанымыз жоқ. Өзі де күліп айтып отырушы еді: «Сен болмасаң маған басқа біреу көнер ме еді, көнбес пе еді», – деп. Жазушыға жар болу үшін көне білу керек, кешіре білу керек бәрін. Шығармашылық шабыт келгенде бәрі де болады ғой, әрине. Сөйтіп жүріп, елу жыл тағылымды өмір сүрдік. Бір ұл, екі қыз өсірдік. Үлкен қызымыз Райгүл өзінен бір жарым жыл бұрын қайтыс болды. Ұлым – Әлім, қазірде университеттерде сабақ береді. Италияда төрт жыл елшілікте қызмет жасап келіп, Францияға аттанбақ кезінде әкесінің сырқаты өрши бастаған болатын. Сөйтіп, Алматыда өз қалауымен қалып қойды. Кіші қызымыз – Құралай, бүгінде тұрмыс құрған, мамандығы – экономист. Немере, шөбере сүйіп отырмын, Аллаға шүкірлік етемін осыған.

Манас: Бәрекелді, қара сөздің қарағай мүйіз қас таланты Сайын Мұратбеков ағамыздың мол мұрасы болашаққа ажарлы, базарлы керуен тартып жөнеле бермек. Ол – әдебиеттің, мәдениеттің әрқайсысысы бір «қара нар-ғасырға» жүк боларлық «күйме-кітаптар» тізбегімен сәні кірген көш.  Сұхбатыңызға мың алғыс, Мәриям апа! Ошағыңыздың оты өшпесін!

 

Әңгімелескен: Манас Қайыртайұлы

Сурет: writers.kz

4458 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 17:19
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 17:46

Менің сүйікті жазушым ғой, Жусан исін әлі күнге оқимын тастамай

+0
19 желтоқсан 2012, 17:50

ЖАҚСЫ СҰХБАТ, МАНАС БАУЫРЫМ, ОСЫНДАЙ СҰХБАТ, МАҚАЛАЛАРЫҢМЕН ҚУАНТЫП ТҰР.

+0
19 желтоқсан 2012, 18:41

Манас, қағазың жұқармасын, қаламың мұқалмасын!!! Осындай сәтті де құндылығы мол сұхбаттарың көп болсын!!!

+0
19 желтоқсан 2012, 20:43

әп бәрекелді, Манас, дап-дайынсың ғой өзің! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...