Бекхэмның ұлы "Burberry"-дың бас жұлдызына айналды

Бекхэмның ұлы "Burberry"-дың бас жұлдызына айналды

Дэвид пен Виктория Бекхэмнің 10 жасар баласы 2013 жылдың қыс-жазына арналған ағылшындық "Burberry" бренд компаниясының жарнамасына түсіпті. Бұл туралы Lady News хабарлайды.

Эди Кэмпбелл мен Чарли Фрэнс секілді модельдермен бір қатарда компания өндірісін дәріптеп шығыпты. Классикалық тауарлық өнімдерді көрсетуде жалаулы найзалардың да қолданғанын айта кетуге болады. 

Түсірілім соңында аталған компания басшысы Кристофер Бейли бала Бекхэм туралы өз ойларын ортаға сала кеткен:

"Осы маусымда біздің компания өз жастығы мен күш-қуаты арқылы танылатын болады. Түсірілім өте сәтті өтті десек болады. Жап-жақсы шыққан суреттер дүниеге деген сенімді арттырары сөзсіз", - депті.

Ендігі сәттен бастап компанияның бас жұлдызы Ромео болып шыға келді. Ал Шарлотта Уиггинс, Чарли Фрэнс, Алекс Данстан мен Макс Ренделла секілді өнер жұлдыздары екінші орында қала беретіні анық.

сурет:spy.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига