Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Мұхит салған әуезді әндер

Мұхит салған әуезді әндер

Мұхит салған әуезді әндер

Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі Мұхит Мералыұлы қашанда дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел.

Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ Иiс» әндерi – қазақ музыка мәдениетiнiң алтын қорындағы арналы үлгiлер.  Ендеше, сіз болып, біз болып Мұхит салдың әндері туралы аз-маз әңгіме қозғап көрелік.

"Ақ иіс" әні

Мұхиттың көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. "Ақ иіс" те сондай арнау  ән. «Ақ Иіс» әнінің тарихы туралы А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» еңбегінде былай дейді: «...Мұхтардың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Елден таңдап алған сұлу, ауыл–аймаққа қадірлі келіншектірдің алдынғы қатарында болға деседі. Көрген адамның бәрі де Қырмызының келбетіне, адамшылығына ырза болады екен.. Бірақ Мұхтардың «бақытына, байлығына басы айналған бәйбіше бері келе өзінің бұрынғы кеңпейілдігінен айырылып, ашулы, өктемдікке көшеді. Оның себебі де жоқ емес-ті. Мұхтар Қырмызының үстіне екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтардың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішенің мазасын алады. Міне, осы кезде, жоқтықтан қоңсы қонып отырған Мұхиттың үй-ішіне бәйбіше теріс көзімен қарап, аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Қайта жас та болса, екінші әйелі - Иіс шамасы келгенінше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрады.  Ежелден қуақылық сөзсіз отырмайтын Мұхит осы арада тағы да бір «жағымсыз» сөз айтады. Ол сөз жай қарапайым әңгіме емес, әнмен байланысты болды. Байдың да, әсіресе бәйбішенің қытығына тию үшін Иісті көтеріп, Бәйбішені төмендетіп ән шығарады. Ән Мұхиттың шалқыған кең демалысты шығармаларына ұқсамай, көбіне сөзін есіттіріп, тақпақтап айтылуға арналған, екпіні жүрдек, мелодиясында қалжыңның мысқылдың үні бар.

«Жылқыда ерте тұрсам күрең тай жоқ,

Ноғайда бұрынғыдай енді шай жоқ.

Ақ Иіс келгеннен соң арта берді,

Ойласам Қырмызыға енді бай жоқ.» -

деген сөздердің мәнісін музыка айнытпай береді. Дарынды суреткер, адамның жақсы қасиеттерін баяндағанда да, біреуді кемітейін дегенде де тиісті дыбыс бояуын тауып «жазады». Бұл ән халық арасында «Ақ Иіс» атанып кетті.

"Айнамкөз" әні 

Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол  үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да « Айнамкөз» болсын» дейді.

Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі - « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» - үлкен, жылы жүректен шыққан ән.

"Үлкен Айдай" және "Кіші Айдай" әндері

Өзі ақын, әнші Мұхит жасынан көркем сөзге үйір болды. Оның қызығып тыңдайтын жыры, толғауының бірі ақын Бала Ораздың шығармалары болса керек. Бір күні Мұхит Бала Ораздың аузынан шыққан «Жылқышы хикаясын» жадына түйіп алады. Ол хикая бойынша, өзінің қызына ғашық болған жылқышыны бай нөкерлерін жалдап өлтіртеді. Әділетсіздіктің құрбан болған сүйіктісін көрген қыз да өзіне пышақ салады. Бұл аңыз Мұхиттың тұлабойын тегіс меңгеріп, қатты толқытады. Қыршынынан қиылған екі жас, жанбай сөнген таза махаббат, екінші жағынан соққы мен сойылға сүйенген қара күш-әншінің асқақ қиялын аралап, тыныштығын кетіреді. Дарынды компазитор сол арада домбырасын алып, қой шегінің шегіне жеткенше қатты бұрап, жан ашуының айқайындай, даусытың ең жоғарғы регисторынан бастап, ащы да , айбарлы да дыбыс шығарады. Бала Ораздан есіткен аңыздың суретін көз алдына келтіре отыра сол оқиғаны дыбыс өнерімен өрнектейді. Қазақ халқының ән байлығына емін-еркін еніп, көп зерттеген компазитор Е. Брусиловский Мұхиттың бұл әнін Пуччинидің музыкасындағы шыңға көтерілуімен теңейді. Әділ теңеу. Бейкүнә өлген екі жастың азасы ма жоқ әлде әділетсіз феодалдық заманның қара күшіне деген қаһарына мықтап мінді ме, тап осы бір әнде Мұхиттың творчестволық құлашы тіпті кең жайылғаны сондай, анау-мынау әнші айта алмауы осы күнге шейін келеді. Бұл ән халық арасында «Жылқышы» болып та, «Бала Ораз» болып та, «Кіші Айдай» болып та жайылып жүр. «Айдай» болатын себебі өлеңінен де болу керек. Сал дауысқа ыңғайлы «ай», «дай» дегендерді көп пайдаланады. Дыбыстың, сөздің техникасын консерватория ішінде өтетін жағдайы болмаған әнші, өзінің өткір сезімі арқасында созатын даусысқа икемді келетін дауысты дыбыстарды таңдауда шындықтың үстінен түсіп отырған.

Саламын сал Ораздың Айдайына,

Бақ бергей ер жігіттің маңдайына,-деп, сұм заманға кездемкен жастардың тағдырын баяндайды. 

Жылқышының, қойшының бұл сияқты хикаялары қазақта бұрыннан келе жатқан жай. Бұл тақырыпта жазылған поэмалар да аз емес. «Жылқышыға» диапазон, құрылыс,  жігері жағынан жақын келетін Мұхиттың егіз шығармасы - «Үлкен Ораз». Бұл ән кейде  «Үлкен айдай» деп те айтылады. Әннің шығуы жайлы дерек жоқ. Бұл да жоғары дауыс регистрінен басталады. Бірақ «Жылқышыдан» айырмасы-бұл ән бірден емес, орта регистрден жағалыңқырап барып, жоғары шығады. Мұнда бірінші және музыкалық сөйлем бірін бірі қайталайды. Тек екінші сөйлемнің аяғында мелодия қайтадан жоғары көтеріліп, әлі де әңгіменің бітпегенін тыңдаушыға хабарлайды. Содан кейін барып, куптеттің аяғына көшіп, мелодия жолы бірнеше рет иретіліп, оралып, бітеді. «Үлкен Ораз» да  орындау дарынын, кең дауыс шеңберін, үлкен жігер-күшті керек етеді.

Суреттер:adyrna.kz,horde.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11303 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 желтоқсан 2012, 13:05
Пікірлер
+0
17 желтоқсан 2012, 11:43

"Айнамкөз" ерекше ұнайтын ән

+0
19 желтоқсан 2012, 09:20

маған да қатты ұнайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...