Мейрамбек Бесбаев "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Мейрамбек Бесбаев "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Кеше, 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев қазақстандық қайраткерлерге арнап Мемлекеттік марапаттар тарту етті. Өнер жұлдыздарының ішінде Жания Әубәкірова, Дильназ Ахмадиева, Мейрамбек Бесбаевтар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" орденімен марапатталды.

Еңбекпен келген құрметті орденін төсіне тағып, төбесі көкке жеткен Мейрамбек

Сонымен қатар, Мемлекеттік Орденге басқа сала қызметкерлері мен тұлғалары да ие болды. Дәл осындай сыйлыққа әдебиет саласында Батыс Қазақстан облысы Жазушылар кеңесінің төрағасы, ақын Ақұштап Бақтыгереева да ие болды.

Мемлекеттік дәрежесі жоғары сыйлықпен марапатталған барша қазақстандық қайраткерлерді Массагет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер Сәкен Майғазиевтің Twitter.com-дағы жеке парақшасынан алынды

А. Әбілхан