Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Ел не демейді...

Ел не демейді...

Ел не демейді...

Ежелден-ақ адам баласы болашақты болжауды әдетке айналдырды. Егер сіз ішіңізден 21 желтоқсанда болады-мыс делінген ақырзаманға сеніп жүрсеңіз, денеңізді бос ұстаңыз...

Себебі? Себебі бар. Мұндай болжамның неше түрлісі әлденеше рет айтылып, соңынан өз өтірігіне өзі өртенгендер жетерлік. Мұндай болжамды «Мен!» деген мықтылардың өздері де айтып алып, асылық кеткен жағдайы көп. Мәселен...

«Кім болса да,  одан есі түзу адам шықпайды». Осы сөзді Альберт Эйнштейннің ұстазы бала Альберттің әкесіне шімірікпестен айтыпты...

«Актерлердің не сөйлеп, не қойып жатқаны кімге қызық болар дейсің!». Мұны 1927 жылы Warner Bros кинокомпаниясының негізін салушы Сэм Уорнер ең алғашқы «дыбысты фильм» туралы айтыпты...

«Әлемдік рынокта 5 компьютер болса жеткілікті» деп 1943 жылы IBM жетекшісі Томас Уотсон пікір білдірген...

«Аэроплан – көңіл көтеру ойыншығы ғой, оған әскери құрал болу қайда...» деп көкіпті бірде француз профессоры Марчел Фердинант Фокх. Фокхтың жақсы әскери стратег болғанын айта кетейік...

«Сіз алдымен хатшы болуыңыз керек-ау, әлде үйленіңіз!». Бұл сөзді 1944 жылы Blue Book сән агенттігінің директоры Мэрелин Монроға айтыпты...

«Ғарышқа саяхат жасау дегеніңіз бос әңгіме». Ал бұл пікірді Ұлыбританияның белгілі астрономы Гарольд Спенсер Джонс 1957 жылы айтқан. Осыдан екі апта өткен соң-ақ орыс ғалымдары ғарышқа тұңғыш ғарыш спутнигін ұшырыпты.

«Мүмкін болған жаңалықтың бәрін де өнертапқыштар ашып бітті. Енді болмайтын да шығар» деп 1899 жылы АҚШ-тың патент бюросы өкілі Чальз Дуэл айтыпты...

«640 килобайт сыйымдылығы бар құрал бәрімізге де жеткілікті». Сенбесеңіз де айтайық, бұлай деп 1981 жылы Билл Гейтс гәпіріпті.

«Сіздің топ та, ән де адамдарға ұнамайды». Дәл осылай 1962 жылы дыбыс жазу компаниясы Битлс (!) тобына айтыпты.

«Луи Пастердің микробтар туралы теориясы күлкілі әрі қияли дүние». 1872 жылы физиология профессоры Пьер Рачет дәл осылай айта салған...

«Телефонды көптеген кемшіліктері болғаны үшін байланыс құралы деп айтуға келмейді. Бұл құрылғының бізге ешқандай да маңызы жоқ деп білемін». Бұл сөз 1874 жылы Western Union қызметкерлерінің жиналысында айтылған.

«Теледидар сәтсіз жоба. Америкалық қарапайым отбасының ағаш жәшікке қарап отыратын уақыты жоқ» депті 20th Century Fox кинокомпаниясының өкілі Дэррил Занука 1946 жылы.

«Жылқы әрқашан да біздің транспортымыз болады, ал автомобиль тек сәнді ойыншық». Мичиган банкінің директоры 1903 жылы Генри Фордқа дәл осылай депті.

P.S. Не дейміз? Ештеңе айтпай-ақ қоялық, бармақ тістеп қалмайық біз де...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: askalex.ru

6627 24
Рейтинг: +8

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 11:36
Пікірлер
+0
28 қараша 2012, 09:35

қызыыыыық :D

+0
28 қараша 2012, 10:07

елдің бәрі айтқасын амалсыз сенесің да енді :P

+0
28 қараша 2012, 10:44

баяғыда сыныптас құрбым: "ел не демейді, ешек не жемейді!" дегенді көөп айтуыш еді :)

+0
28 қараша 2012, 10:53

Небір оқиғаны айтып, елді шошытып жатыр ғой. Ақырзаман болады деген өткен жылғы жер сілкінеді дегенмен тең болды ғой

+0
28 қараша 2012, 11:05

21-ші желтоқсан туралы жазылған материалдарды сараптай келгенде ғаламдық бір құбылыстың орын алатыны ақиқат тәрізді. Оны енді, «ақырзаман» деп кесіп-пішіп тастау жарамас. Бұл жерде мәселе мүлде бөлек. Ғарыштық жүйеде алып планетелардың бір түзудің бойына сап түзей орналасуын, мүшелдік толығуын, теңесуін ескерсек оның жаратылыс әлеміне де қандай да бір әсері болады. Бұл, ғаламдық Әз уақыты! Құбылыс ғарыш әлемінде орын алатындықтан, оның жердегі бізге және қоршаған ортаға әсері ә, дегенде бірден байқалмас, дегенмен жоққа да шығаруға болмайды. Бәрі де ниетке байланысты!

+0
28 қараша 2012, 11:17

айта беред)

+0
28 қараша 2012, 16:52

«Сіздің топ та, ән де адамдарға ұнамайды». Дәл осылай 1962 жылы дыбыс жазу компаниясы Битлс (!) тобына айтыпты. Қуады екен ғой иә! Ұят бопты.

+0
28 қараша 2012, 12:14

кепілдік БЕРЕМ: 21-ші желтоқсан күні ЕШТЕҢЕ болмайды. (Бола қалса мені таппайсыздар да..)))

+0
29 қараша 2012, 00:38

Біз білмейтін жақтан жертөле қазып қойған жоқсыз ба?

+0
28 қараша 2012, 12:29

Қайдан тауып алсаң да керемет дүниелер екен. Мен де бала күнімде қатты ауырып, емханадан шығарып жіберіпті. сонда бір дәрігер "Кесіп айтам, мынау адам болмайды" депті. Оның айтқанының келген, келмегенін білмеймінг. Адам болған болмағанымды 22-желтоқсанда айтам.

+0
28 қараша 2012, 12:35

Дәрігердік сөзінің соңын естімегесің-ау, Ақ бөрі, ол "Кесіп айтам, мынау адам болмайды, келіскен ақын болады" деген ғой. 21-желтоқсан мұсылман халықтарына үрей туғызбауы керек қой.

+0
28 қараша 2012, 12:44

Нақ мәліметтер тек қана 22 желтоқсан белгілі болады, ал оған дейін тек болжамдар ғана айтыла бермек! Ақырзаман 21і болады екен дейд? Алла қаласа, келесі ғасырдың 21і, я болмаса арғы күні болар, оны білуге адамзатта мүмкіндік жоқ! (21інде бітсе бір нәрсе ғана бітеді біз үшін, мұны мен бала кезімде-ақ білгем, түсінгем, мұңайғам да: 12.12.12ж. 21-ғасыр, 21.12.12ж. 21-ғасыр деген сияқты қайталанатын әдемі жазылатын даталар бітеді. Сондай-ақ, 01.01, 10.01, 02.02, 20.02 ... Осындай даталар 12.12 және 21.12 күні аяқталады, ал, келесі ғасырдың басында біз емес, біздің ұрпақ "псевдоақырзаманды" күтетін болады, БӘРІ АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН...

+0
28 қараша 2012, 12:50

Осы сөйлеп жатқандарың да қате боп шығып, няғып қалып жүрмеңдер-еееееееееееееу :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
28 қараша 2012, 13:17

Осы сөйлеп жатқанымыз қате боп шықса, ары қарай няғып, няғымағанымыздың маңызы болмайды...

+0
28 қараша 2012, 13:12

Әлем қарышты даму үстінде. «21-ші желтоқсан» - шын мәнісінде жаңа эволюциялық даму дәуірінің алғашқы күні ретінде қарастырылуда. Дәл, осы күннен бастап әлем, адамзат қауымы ілгерілеудің, дамудың, өркендеудің, өркениеттің жаңа сатысына қадам басады деп болжануда. Меніңше, үрейге бой алдырудан гөрі, таңғажайып жаңалықтардың, жақсылықтардың болатынына деген сенім басым. Анығын, бір Аллам біледі!

+0
28 қараша 2012, 13:29

Акырзаман дегенге сенгiм келмейдi. Онын болу,болмауын адам емес бiр Алланын озi бiледi. Мундай окига бурында болды емеспе? Айта кететiн бiр жайт,кейбiрi адам колымен iстелiп жургендер. Не болсада,бiрге коремiз. Негiзi,болашактан жана жаналыктар кутiп журмiн. Асiресе,Казахстан елiнде 2,3жылдыкта коооооп озгерiстер болатын сиякты.

+0
29 қараша 2012, 00:35

"болуы болмауы" деген мәселе болмаған, құрбым, сенгіңіз келмесе де Ақырзаманға иман келтіргейсіз! Қалған сөздеріңізбен келісем...

+0
28 қараша 2012, 16:50

Жылқы әрқашан да біздің транспортымыз болады, ал автомобиль тек сәнді ойыншық

+0
28 қараша 2012, 23:38

Материал қызық екен. Ақырзаман міндетті түрде болады, бірақ қай күні болатынын бір Алла біледі, 21 болады дегенге сенбеймін болса не болар екен ия :lol:

+0
29 қараша 2012, 00:19

"Америкалық қарапайым отбасының ағаш жәшікке қарап отыратын уақыты жоқ" деген адам қатырыпты. Жалпы жақсы мақала

+0
29 қараша 2012, 00:47

Әлемдік рыноктағы 5 компьютер жайында айтқан адамның болжамы шындыққа жанасады енді, 5 кәмпүтір, 7 нотбүк болса да қанекей, қалған қызметті айпад-уайпадтар атқаратын боп тұр ғой...

+0
29 қараша 2012, 12:38

Жандос Байділда: Хулио Иглесиас та баласы Энрике Иглесиасқа "сенен әнші шықпайды" деген екен. Қазір Энрикең атақты әнші тұрмақ, 21 ғасырдың метросексуалына айналды... :mrgreen:

+0
30 қараша 2012, 21:25

«Актерлердің не сөйлеп, не қойып жатқаны кімге қызық болар дейсің!» бұдан артық қызық жоқ сияқты қазір :D

+0
13 желтоқсан 2012, 13:53

е, жарайды уақыт көрсетеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...