Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Да Винчидің танылмаған картинасы табылды

Да Винчидің танылмаған картинасы табылды

Да Винчидің танылмаған картинасы табылды

Бұған дейін із-түзсіз жоғалған мұра қатарында саналып келген картина – «Ангьяри түбіндегі шайқас» деп аталады.

Атақты туынды көне заманда соғылған Палаццо Веккьо ғимаратынан табылған, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Іздеу жұмыстарын Маурицио Серачини есімді өнертанушы 2005 жылы бастаған. Ол Италия басшылығынан Палаццо Веккьо ғимаратының қабырғаларын зерттеуге рұқсат сұрап алған. Маурицио өз жобасына сыни көзбен қарап, құптамайтын адамдардың қарсылығына қарамастан, 2007 жылы биліктің келісімін ала салып, іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Сөйтсе, картина тағы да бір атағы жер жарған Мазари деген суретшінің «Марчиана түбіндегі шайқас» туындысының теріс бетінен табылыпты. Ғалымдар бояудың құрамын зерттей келе, қара түсті сыр дәл «Мона Лиза» картинасында қолданылған сырмен бірдей болып шыққанын анықтаған.

Палаццо Веккьо

Жоба National Geographic Society және Сан-Диего Калифорниялық университетінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Сурет тарихы: «Ангьяри түбіндегі шайқас» деп аталатын туындыны флорентилік билік өкілдері 1503 жылы арнайы Леонардо да Винчиге салдыртқан. Суреттің көптеген нұсқалары болса да, тарихшылар Леонардо да Винчидің бұл сурет жұмыстарын толық бітірмегенін айтады. Сол нұсқалардың бірі атақты - Лувр мұражайында сақтаулы екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: museum-online.ru

1154 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 27 қараша 2012, 12:42
Пікірлер
+0
27 қараша 2012, 14:27

Мына сурет сұмдық енді!

+0
27 қараша 2012, 14:36

Анықтап қарамасаң, бір көргеннен суреттегі бейнені түсінбейсің

+0
28 қараша 2012, 01:03

Табылғаны жақсы болған екен :) өте кұнды мұра гой

+0
30 қараша 2012, 23:48

мына картинаны вживую көрсе жақсы

+0
01 желтоқсан 2012, 00:16

Шынымен де түсінбейді екенсің, бірінші көргенде...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...