Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қаныш Сәтбаев атында планета барын білесіз бе?

Қаныш Сәтбаев атында планета барын білесіз бе?

Қаныш Сәтбаев атында планета барын білесіз бе?

Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне осыдан 40 жыл бұрын, 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтбаев есімін берген. 

Николай Черных Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.

Николай Черных

Николай Черных сонымен қатар 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. "Абай ғаламшары" Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. "Абай ғаламшары" әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады.

Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға "Қазақстания" деген атау қойған болатын. "Қазақстания" ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай  10 күнде айналып шығады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 12 сәуір, 14:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.