Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақстандық әнші Техас штатының құрметті азаматы атанды

Қазақстандық әнші Техас штатының құрметті азаматы атанды

Қазақстандық әнші Техас штатының құрметті азаматы атанды

Қазақстанның танымал әншісі Мәдина Сәдуақасова АҚШ-тағы Техас штатының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды "Время" газеті. 

Мәдина аталған елде "Жібек жолы" атты мәдени шарада басқа да өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп жүрген гастрольдік сапарында көрермен көзайымына айналып, "құрметті азамат" атағына лайықты болған екен. Ол концерт кезінде қазақша әндерді айтқан. 

«Жібек жолы» фестивалі 4 қазанда Стаффорд мәдени қалашығында (АҚШ, Техас штаты) бастау алған. Бірінші күннің өзінде шараны қызықтау мақсатымен келген адамдар саны 7000-ға жеткен. Түркі мәдениетін насихаттайтын халықаралық TURKSOY ұйымының мұрындық болуымен өтуде. Шарада Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен халықтық-қолданбалы өнер шеберлері мен әртістері өнер көрсетеді.

Отандық әншіміз, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Сәдуақасова да осы мәдени шараға арнайы барып қатысып, әр елдің шығармашылық шеберханаларымен танысқанына өте қуанышты екенін де жасырмады.

Стаффорд мәдени қалашығы

Әзірбайжан әншісі Севинч Гусейнли де түркі халықтарының бай мәдениетін айта келіп, әр халықтың салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алғанына ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ұйымдастырушылар болса, өз кезегінде бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізіп тұруға уәде берді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

3036 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 12 қараша 2012, 17:27
Пікірлер
+0
12 қараша 2012, 17:21

Әлемдік атақ-даңққа бөленіп жүретін адам ғой Мәдинамыз. :roll:

+0
12 қараша 2012, 17:25

Мәдинаның даусы ерекше. Мұндай тембр екінің бірінде бола бермейді.

+0
12 қараша 2012, 17:29

Жарайсың!

+0
12 қараша 2012, 18:43

Қуаныштымын! Тақырыбына шала қарап шығып, Шымкенттің құрметті азаматы деген ой сарт ете қалды. Сөйтсем мұхиттың ар жағындағы ел екен ғой. :)

+0
12 қараша 2012, 21:39

Жарайсың Мадина!

+0
12 қараша 2012, 22:45

Керемет! Қазақтың абыройын асқақтата берсін!

+0
17 қараша 2012, 14:51

Керемет Мәдина тек алға!Осылай тамаша жетістіктерге жете бер!

+0
27 қараша 2012, 00:29

Мәдина видеодан көргеніміздей, жақсы айтыпты. Риза болдым. Елдің ерке қыздарының бірі, керемет сұлу әнші өзі. Қазақ елінің жетістігі құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...