Арнольд Шварценеггер "Әлем азаматы" атанды

Арнольд Шварценеггер "Әлем азаматы" атанды

Арнольд Шварценеггер БҰҰ-ның жыл сайын табыстайтын "Әлем азаматы" сыйлығының иегері атанды. Бұл сыйлық Калифорнияның бұрынғы губернаторына қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін берілді.

Атақты мәдениеттанушы және киноактер 2011 жылы  қаржыландырылмайтын R20 Regions of Climate Action деген ұйым құрған болатын. Ол негізін қалаған ұйымның басты мақсаты жергілікті экологиялық мәселелерді көтерумен байланысты. Ұйым жергілікті билік пен компаниялармен, инновациалық әдістер ұсынатын бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта.

Экология саласынды білек сыбана іс жасап жүрген оның еңбегі еш қалмады. 

БҰҰ-ғы Ассоциация тілшілерінің айтуынша, төсбелгі атақты актерге БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның өз қолымен табысталмақ. Айтулы шара Нью-Йорктегі белгілі Cipriani атты мейрамханада 19 желтоқсанда өтетін болады.

"Әлем азматы" атағы 1995 жылдан бері табысталып келеді. Оның алғашқы иеленушісі CNN Тед Тернер компаниясын құрған азамат болатын. 

Осыған дейін бұл сыйлық: АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонға, Голливуд киножұлдыздары Анджелина Джоли мен Николь Кидманға, алжирлік елші Лахдар Брахимиға табысталған еді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: filmpro.ru

А. Әбілхан