Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Болот Байрышев: «Ұлтымның мойындауын жоғары қоямын»

Болот Байрышев: «Ұлтымның мойындауын жоғары қоямын»

Болот Байрышев: «Ұлтымның мойындауын жоғары қоямын»

Болот Байрышев – Таулы Алтайдың әншісі әрі аңыз-жыр айтушысы. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Алтай республикасының еңбек сіңірген әртісі. Алтайлық тілмен айтқанда көмеймен айтатын кай өнерінің шебері. Әртүрлі, әр деңгейлі, әр тараптағы конкурс, байқаулардың жеңімпазы екенін былай қойғанда, Болот кино өнерінен де алыс тұлға емес. Солардың ең атақтысы – «Охота на пиранью» блокбастерінде эпизодтық рөлді сомдауы. Фильм саундтрегін де жазған адамның қатарында. Ендеше, бұл кісінің шығармашылығы мен өмірі жайлы Massaget.kz жастары білгісі келеді деген оймен сұхбатын ұсынып отырмыз.

- Болот аға, өнер кімнен дарыды? Қандай оқу орнын бітірдіңіз?

- Мен бұл өнерді өзім үйрендім. Бала кезімнен құлағыма сіңіріп келген өнерді бірінші болып атам, әкем, әжем, анам, ағаларымнан мұра еттім десек те болады. Ешқандай әнге байланысты оқу орнын аяқтамадым. Менің негізгі мамандығым – тракторшы. Жалпы бала кезімде армандайтын едім, атақты болсам, әнші болсам, дәстүрлі аспаптарда ойнасам деп. Ең бірінші рет сахнаға 1986 жылы шықтым. ТМД елдерінде дәл осы кезде мәдениет комитеттері жұмыс істеп, дәл сол кезде мені фольклорлық ансамбльге шақырған еді. Топшур, шаңқобыз, жалпы барлық Алтай әніне қатысты ұлттық аспаптарда ойнаймын. Ал Ресейдің еңбек сіңірген әртісі деген атақты осыдан екі жыл бұрын ғана алдым.

- Сіз орындайтын әндер тек ұлттық, фольклорлық әндер ғой?

- Иә, кай деп аталатын көмеймен айтылатын әндер батырлық эпосты айтудың бір түрі. Біздің Матай қары, Очы бала, Алып Манаш секілді 12 том эпосымыз бар. Оның барлығын да жатқа білемін. Бұл әннің ең көне түрі. Өзімнің орындауымда қазіргі кезде 30-ға тарта әнім бар.

- Сіз мұндай атақтың бәрін жинап алған екенсіз. Арманыңыз орындалды ма?

- Маған ән өнеріне қатысты болып жатқан жаңалықтардың барлығы да қызық. Мен осындай Ресейдің еңбек сіңірген әртісі болуды ойлаған жоқпын. Халық өзі мойындап, дарынымды ескерді. Менің басты арманым туралы айтсам, Алтай республикасының шекарасынан шыққан сәтте басқа бір қалыпқа енемін. Себебі мен елімнің атынан шығып отырмын. Мәдениетін таныстырып, елімді барынша әйгілегім келеді. Арманыма да осыны айналдыра білдім. Бұл халқымның, ұлтымның алдындағы үлкен жауапкершілік деп білемін. Және осы тауда туып, тауда өмір сүргеніме қатты қуанып, мақтаныш етемін. Барлық атақтан ұлтымның мені мойындауын жоғары қоямын.

- «Spirit of Tengri» фестивалі туралы не білесіз? Қатысудағы мақсатыңыз не?

- Мен бұл фестиваль туралы достарымнан естідім. Мемлекеттік филармонияның солисі болып жұмыс істеймін. Сондағы достарым мұндай жобаның маңызы бар деп, шығармашылығымның жаңалығы болады деген сеніммен осы жобаға қатысуымды сұрады. Менің қарсыластарым өте жақын достарым. Оларды қатты құрметтеймін. Әрқайсысы да өзінше бір шеберлігі бар достарым. Бастысы оларды қарсылас деп көрмей, достастық жолындағы жоба ретінде қараймын.

- Сізді халық тағы «емші» деп те айтады...

- Шынымды айтсам, көптеген елдерде концерт қоямыз ғой, сол кезде менен жиі «Сіз шамансыз ба?» деп сұрайды. «Жоқ» деймін. Сонда да олар мені шаман дейді. Өзімді олай есептемеймін. Бірақ мен түс көріп, болатын құбылыстардың барлығын да біліп отырамын. Адам өлім құшатынын түс көріп-ақ білемін.

- Ал бұл «Spirit of Tengri» фестивалі туралы қандай болжамыңыз бар? Ұтасыз ба, әлде ұтыласыз ба?

- Мен бұл туралы тіпті ойламаппын. Сіздің сұрағыңыздан соң ғана ойға алып отырғаным рас. Ал жәй ғана, өз ойымды айтар болсам, мен бұл фестивальде ұта алмайтын сияқты болып көрінемін. Білмеймін, неге екенін, солай...

- Біздің, қазақ ұлттық өнерін қалай бағалайсыз?

- Біз кезінде Қазақстанның 11 облысында концерт қойдық. Мен қазақ өнері мен мәдениетін өте қатты сыйлаймын. Әрине, жоғары деңгейде деп санаймын. Ал қазақ жастары өте сымбатты, әдемі. Мен мұнда келгелі бері мұндағы жастардың қандай сұлу екеніне таңғалудан шаршамадым. Содан ұққаным, түркі тілдес халықтар өте сұлу халықтар.

- Massaget.kz оқырмандарына айтар тілегіңіз...

- Жастарды өте сұлу деп айттым, әрмен қарай да ата-аналарының үмітін ақтап, елінің мақтанышы бола берсін.

- Біз де сізге осы ән фестивалінде сәттілік тілейміз! Әңгімеңізге рақмет!


Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bolot-bairyshev.ru

517 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 05 қараша 2012, 13:20
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 13:26

Сонда бұл кісінің ұлты кім?

+0
05 қараша 2012, 19:22

алтай ұлты

+0
05 қараша 2012, 15:22

тыңдап көретін екен

+0
05 қараша 2012, 16:07

тыңдап көріңіз, соңына ссылка қойдық ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...