Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қолөнерші Лейла Ахмет-Осман: "Өзгелерге мейірімділік пен әсемдікті тарту еткім келеді"

Қолөнерші Лейла Ахмет-Осман: "Өзгелерге мейірімділік пен әсемдікті тарту еткім келеді"

Қолөнерші Лейла Ахмет-Осман:

Алматыдағы «Арт-Самал» галереясында «Күзгі блюз» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге келген қалың жұртшылыққа суретші Лейла Ахмет-Османның соңғы жылдары тоқылған гобелендері мен қыш шебері Решат Қожахметовтың жаңа мүсіндері ұсынылды. Осы орайда қолөнерші Лейла Ахмет-Осман арнайы «Massaget.KZ» ақпараттық-танымдық порталы үшін сұхбат берді.

Лейла, бүгінгі көрмеге келген өнерсүйер қауым жаңа гобелендеріңізді көріп, таңдай қағып, өз ықыластарын білдіріп жатыр. Көрмеге қанша уақыт дайындалып едіңіз?

Көп рақмет! Әр көрмеге ерекше дайындаласың. Әр қойылатын жұмысыңа аса жауаппен қарайсың. Бүгінгі көрмеге отыздан астам гобелен қойылды. Олардың ішінде он шақтысы ғана соңғы он жыл ішінде тоқылғандар. Қалғандары жаңа, көрме қарсаңында тоқылды.


Бір гобеленге шамамен қанша уақыт кетеді?

Әр кезде әрқалай. Ол гобеленнің көлемі мен тоқылатын бейнеге байланысты. Бір гобелен тоқу үшін ең кемінде төрт ай керек. Алдымен майлы бояумен сурет салып аламын, содан кейін қажетті жіптерді таңдаймын. Кейде бір гобеленді тез арада тоқып бітіруге керекті материалдардың  аздығы кедергі болады.

Ал осы қажетті материалдарды қайдан аласыз?

Түркия, Қытай елдеріне жолым түссе, өзім сатып аламын. Кері жағдайда, ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, алғызамын. Гобеленнің бас жағындағы ағаштарды ұсталар жасап береді. Ал оған қашалатын әшекейлерді зергермен бірге отырып таңдаймын.


Гобелен тоқу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Осы өнерге қай кезден бері қызығушылық таныттыңыз?

Сурет өнеріне бала кезден бері қызықтым. Мектептен кейін Алматыдағы көркем өнер колледжіне оқуға келдім. 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын тәмамдадым. 2010 жылы Сиетл (АҚШ) қаласындағы Өнер академиясында «Графикалық дизайн мен анимация» мамандығы бойынша білім алып шықтым. Гобелен тоқуды ұстаздарым үйретті. Суреттерім де жетерлік. Бірақ мені көпшілік гобелен тоқушы ретінде таниды. Сондықтан да осы өнерді алып жүру менің басты борышым деп білемін.


Сіз халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазысыз. Сіздің гобелендеріңіз әлемнің ең танымал көрмелеріне қойылды. Осы уақытқа дейін қанша гобелен тоқыдыңыз?

Шынымды айтсам, 20 жыл ішінде қанша гобелен тоқығаным нақты есімде жоқ. Менің жұмыстарым көрмелермен қатар, әлемнің бірақатар елдерінде жеке коллекцияда сақтаулы. Гобелендерім белді тұлғаларға да сый ретінде табыс етілді.


Сіздің жұмыстарыңыз өзінің әдемі түсімен бірден көзге түседі. Құдды бір сәуле түсіп тұрғандай...

Иә, мен өз жұмыстарым арқылы өз әлемімді көрсеткім келеді. Менің әлемімде соғыс, қатыгездік, қаталдық деген жоқ. Менің әлемімді махаббат билейді. Мен осыны көрсетуге ұмтыламын. Менің жұмыстарымды көрген жандар көңіл-күйімді сезінсе деймін. Жұмыстарым арқылы өзгелерге мейірімділік пен әсемдікті тарту еткім келеді.

Мұндай әдемі дүниелерді дүниеге әкелу үшін қажырлы еңбекпен қатар, шабыт керек. Сіз шабытты қайдан аласыз?

Он жылдан астам уақыт бұрын мен Американың Сиетл қаласында отбасыммен көшіп кеттім. Американың азаматтығын да алдым. Ал Қазақстанға жылына үш-төрт мәрте келіп кетемін. Көбіне гобеленді Америкада емес, туған жерімде тоқимын. Маған шабытты туған өлкені ауасы, самалы сыйлайды. Туған жерде гобелен тоқу ерекше. Бұл жақта мен рухани жағынан күш аламын.


Америка демекші, естуімше, сіз Америкада өзіңіздің брендіңізді аштыңыз

Иә, биыл ғана «Lucky Turtle», яғни «Жолы болғыш тасбақа» атты брендтің тұсауын кестім. Бұл тас сауытында сандар бейнеленген тасбақа мүсіні. Кезінде мен осы тасбақаның суретін салып, кейін гобеленін тоқығанмын. Содан бастап, менің өмірім күрт өзгерді. Жолым ашылды десем, артық айтқаным емес. Кейін достарым: «Өзіңе сәттілік әкелген дүниені өзгеге де сыйлап көр» деп ұсыныс білдірді. Бұл ой маған қатты ұнап, мен өз брендімді ашуға бел будым. Мақсатым пайда табу емес, өзгенің өмірінің өзгеруіне ықпал ету.

Қателеспесем, бұл тасбақа жайлы Қытай аңыздарының бірінде айтылады

Иә, дұрыс айтасыз. Бұл Қытай аңыздарының бірі. Ертеде бір балықшы теңіз жағасында балық аулап отырады. Бір кезде ол судан шығып келе жатқан алып тасбақаны көреді. Бұл тасбақаның тас сауытында сандар бейнеленген. Балықшы сандарды тігінен, көлденеңнен, қиғашынан есептей бастайды. Барлығында бір нәтиже. Қалай санаса да шешуі 15 болып шығады. Содан бастап, балықшы өмірі мен оның ауылында игі өзгерістер болады. Ауылдағы жұт тоқтап, адамдардың тұрмыс деңгейі жақсарады. Балықшы болса, сол өлкенің патшасы болып тағайындалады. Ал тас сауытында сандар бейнеленген тасбақа байлық пен табыстың нышанына айналады.

Қызық екен. Бұл тасбақа сізге де сәттілік әкелген екен ғой

Иә, менің гобелендерім көптеген байқауларда үздік болып танылды. Жұмысым алға басты. Жалғыз қызыма серік болар, бауырлары болса екен дейтінмін. Қазір, шүкір, қызымның соңынан ерген үш ұлым өсіп келеді. Содан кейін өзгелердің де өмірі жақсылыққа толы болсын ниетпен бұл істі қолға алдым.


Бұл брендті Қазақстанға да әкелдіңіз ғой?

Жақында ғана әкелдім. Енді-енді халыққа таныстырып жатырмын.

Алға қойған қандай жоспарыңыз бар?

Гобелен тоқу - қызықты әрі күрделі іс. Сондықтан кішкене үзіліс алсам деген ойдамын. Оның орнына жаңа бағытта жұмыс істеуді ойластырып жүрмін. Әйнекке сурет салу, анимация, графикалық дизайнмен жұмыс істеп көрсем деген ниеттемін.

Олай болса, біз сізге тек қана шығармашылық табыстар тілейміз! Әңгімеңізге үлкен рақмет!

Сөз соңында! «Күзгі блюз» көрмесі Алматы қаласындағы «Арт-Самал» галереясында қарашаның 21-жұлдызына дейін жалғасады. Ал 14 қарашада сағат 18:00-де көрмеге келген жұртшылық қолөнершілер Лейла Ахмет-Осман мен Решат Қожахметовпен жүздесе алады.

Сұхбаттасқан және суретке түсірген: Ғазиза Ұзақ

2542 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 қараша 2012, 08:16
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 15:10

Шынымен, гобелендері қуаныш сыйлайды екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...