Тимур Бекмамбектов – Рим кинофестивалінің қазылар алқасы мүшесі

Тимур Бекмамбектов – Рим кинофестивалінің қазылар алқасы мүшесі

Қазақстан және Ресей режисері, сценарист әрі продюсер Тимур Бекмамбетов Рим кинофестивалі әділқазылар алқасының мүшелігіне сайланды. Бұл ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі осы тақырып форумында хабарланды.

Тимур Бекмамбетовтен басқа, қазылар алқасына Иран өнерпазы Лейла Хатами, Эдинбург халықаралық кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Крис Фудживара, аргентиналық жазушы әрі сценарист Эдгардо Козаринский, австралиялық режиссер, «Шопоголик» фильмінің авторы П.Дж.Хоган және италияндық әртіс Валентина Черви кірді. Ал қазылар төралқалығы американдық жас режисер әрі сценарист Джефф Николсқа бұйырды.

«Аудиториум» киноконцерттік кешені

Рим кинофестивалі осымен жетінші рет өткелі отыр. 9-17 қараша аралығында жалғасатын байқау «Аудиториум» атты киноконцерттік кешенде өтпек. Ал көркемдік жетекші 2004-2011 жылдар аралығында Венециан кинофестивалін басқарған Марко Мюллер.

Негізгі байқауға 15 кинокартина қатыспақ. Бұл тізім ішіндегі екі картина қосымша қатысушылар қатарында. Әзірге Ресей мен Украинаның "Небесные жены луговых мари" (Алексей Федорченко), "Вечное возвращение" (Кира Муратова) фильмдері қатысушылар қатарынан көрінді.

Ал Римдегі 7-Халықаралық фестивалінің басты жаңалығы Бахтияр Худойназаровтың «В ожидании моря» фильмі болмақ. Басты рөлді Егор Бароев сомдайтын бұл фильм Қазақстан, Ресей, Германия, Франция, Бельгия және Украинаның бірігіп шығарған өндірісі болып табылады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: newskaz.ru

А. Құлтай