Атақты Ван Даммға ескерткіш қойылды

Атақты Ван Даммға ескерткіш қойылды

Бельгия астанасы Брюссель қаласында атақты Голливуд актері Жан Клод Ван Даммға ескерткіш қойылды. Бұл ескерткіштің дәл осы елде қойылуы кездейсоқ емес еді. Себебі Бельгия - Ван Даммның отаны болып табылады.   

Ескерткіш биіктігі - 1 метр 74 сантиметр. Салмағы - 1,5 тоннаны құрайды. Ал Ван Даммның түрі жартылай жалаңаш, тай боксының шортиін киген жауынгер ретінде бейнеленген. Ескерткіш салудан бұрын жергілікті билік өкілдері қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізген екен. Оның қорытындысы бойынша адамдардың басым көпшілігі бұл ойды құптаған. 

Ескерткіштің салтанатты ашылуына арнайы жұбайымен келген актер өз таңданысы мен қуанышын жасыра алмады. Бұған себеп актер ескерткіш пен өзінің бейнелері арасында ерекшелік байқамаған екен. Яғни туынды Ван Даммның көңілінен шықты.  

88

Ескерткіш жобасымен айналысқан - Ги Дюшейн атты белгілі мүсінші. Ол өз қолынан шыққан туындыны "Брюссель бұлшықеті" деп атауды ұйғарған екен.

Жан Клод Ван Дамм Бельгиядағы ең танымал әрі беделді тұлғалардың бірі. Ол өз мансабы жолында елуден аса картинаға түскен екен. Бұл фильмдер боевик жанрын сүйіп қарайтын көрермендер арасында аса танымал. Оның ең алғаш ролі 1986 жылы жарыққа шыққан "Жібермеу және берілмеу" фильмінде орын алды. Бұл фильмде ол орыс жекпе-жек шеберінің рөлін сомдаған еді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: terrasochi.ru 

Б. Қосмағамбет