Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Айым да - сен, Ғалия, күнім де - сен...-2

Айым да - сен, Ғалия, күнім де - сен...-2

Айым да - сен, Ғалия, күнім де - сен...-2

Балуан бабамыздың алаштың аруына деген аяулы сезіміне, Ғалияға деген аңыз, аңыз махаббатын, пәк сезімін қазақ даласына паш еткен әндері хақында әңгімелеуді жалғастырамыз.  

Ғалияға ғашық болған жылдар - Балуан Шолақтың орыс перселендерімен атысып-шабысып жүрген шағы еді. Қазақтың қаралы халіне шыдап отыра алмаған батыр ашық күреске шығады. Құдай беген күш-қуатының арқасында ол бір өзі отыз-қырық адамды қалай болса солай жайратып кете салатын болған деседі. Ол осындай қарбалас күндерде де Ғалиясына баруды ұмытпайтын. Мұны білген генерел-губернатор Ғалияның үйін қарулы нөкерлеріне аңдытып қояды да, қос ғашықтың кездесуі сирей түседі. Дала серісін қазақтар дұшпанға бермей жасырғандықтан, жаулары оны оңайлықпен қолға түсіре алмасын біліп, қулықпен әке-шешесін аманатқа ұстап, түрмеге жабады. Батыр амалының жоғынан өзі барып берілсе де, әке-шешесін босата қоймайды да, ашуға булыққан батырдың қашып шығуына тура келеді. Сол күннен бастап генерал-губернатордың зәулім сарайының маңайын аңдиды. Ақырында, мақсатына жетіп, оңтайлы сәт түскенде он алты жасар қызы Маринаны (кейбір деректерде Татьяна) ұрлап алып кетеді. Қызды Көкшетаудың жалғыз соқпақты биігіне апарып жасырып, сонда бекініп жатып алады. Деректерге қарағанда, Балуан мен Марина биікті қырық күндей мекен еткен көрінеді. Марина да жаратылысы ерекше адамға бауыр басып қалады. Ол шырқайтын қазақтың ғажап әндерін ұйып тыңдап, әлдеқандай сезімге бөлене бастайды.

Көп ұзамай генерал-губернатор қызының амандығы үшін Балуанмен келісімге келеді. Әке-шешесін босатып, туған жеріне қысым көрсетпеуге уәде береді. Балуан да Маринаны қайтарады. Екінші рет уәдесінде тұрмаған генерал-губернатор қызын көрісімен Балуанды абақтыға жауып тастаған екен. Бұл жолы көмекке Марина келеді. Өйткені, оңаша болған қырық күннің ішінде Маринада Балуанға деген ақ сезім пайда болып, махаббат алауы тұтанған еді. Бірақ жас қыз өз әкесімен жасты адамға сезімін білдіре алмай, іштен тынады. Әкесі Балуанды өлім құшағына жіберу ісіне кірісе бергенде, Марина самагонның көмегі арқылы айлалы әрекетке барып, Шолақты құтқарып алады да:

- Осымен қоштасамыз, дала гладиаторы! Әттең, әкем мен ағамның бітіспес жауы болдың. Өз басым сендей азаматтың жылы бауырында қырық күн емес, өмір бойы маужырап жата берер едім, - деп мойнына асылып, бетінен сүйіп-сүйіп алады. Қимай қоштасады.

Осыдан кейін Балуан атамыз туған жеріне қарай тартып кетеді. Осындай ауыртпалық кезеңдердің өзінде оның есіл-дерті Ғалияда болды. Тыным таптырмаған сезімін тежей алмай Атбасарға барады. Сөйтсе, перизатына бір саудагер жігіт құда түсіп жатыр екен. Ғашықтар жасырын жолығады:

- Балуан, сіз сегіз қырлы, бір сырлы азаматысыз. Бірақ, сіздің әйеліңіз, бала-шағаңыз бар. Және осы жолы... Маринамен қыр басында қырық күн болғандығы туралы оқиғаның Ғалияға да өсек болып жеткенін түсінеді де, Ғалияға бақыт тілеп, қоштасып қала береді. Оған өктемдік жасауға таза ниетті, кіршіксіз сезімі жібермеген...

Кейінгі зерттеулер мен деректерге жүгінсек, сол ғашықтық сезімі Балуан Шолақтың ғұмырында өшпестей із қалдырыпты. Тіпті, өмірден өтуіне де әсер еткен көрінеді. Ол былай болған:

Арада бірнеше айлар өтеді, жылдар өтеді. Сері көңілі жасы келсе де қартая қоймаған екен. Ел аралап, сауық-сайранның ортасында жүреді. «Ғалиямен жолықсам, қал-жағдайын сұрасам» деген ой санасынан шықпай жүргенде, Балуанды бір қадірлі адам Атбасарға қонаққа шақырады. Барады. Әнге шөлдеген жұртты сусындатып, думан құрады. Халық оны екі апта бойы жібермей ұстап отырады. Сол елдің бір беделді кісісі немере келін түсіруге дайындалып жатса керек, Балуанға бетін ашып кетіңіз деп қолқа салады. Он сегіз жыл бойы Ғалиясын көрмей жүрген Балуанның көңілі бәсеңсіп жүргендіктен, ол екеуі танысқан мекенде тағы біраз қалайын деген ниетпен қалуға келісім береді.

Той басталмас бұрын жас келіннің беташары өткізіледі. Үкілі домбырасын қолға алған Балуан Шолақ зор дауысымен беташарды басқарып болған соң, домбырасының басымен жас келіннің сәукелесін ашып қалады. Міне, ғажап! Оның алдында он сегіз жастағы «Сұрша қыз» тұр еді. Секпілді бетіне дейін айнымаған Ғалияның өзі. Шынында бұл Балуанның ғашығының құрсағынан жаралған қыз болатын. Бүкіл денесінде қан ойнап, тұла бойы шымырлап қоя береді. Әп-сәтте ғашықтық ғұмыры көз алдынан елестеп өте шығады да:

- Қалқам, шыныңды айтшы, кімнің қызысың? –дейді ол.

- Әкем – Сексен, шешем – Ғалия...

Балуан Шолақ бұрылып жүре береді. «Шынымен, Ғалияның қызы екен. Көргім келді, көрдім» деп күбірлейді. Балуанның тағдырынан хабардар ересек кісілер абыржып, қасына жетіп барады. Тіпті, бір қариялар: «Сенің алдыңда Ғалия деген кім еді? Көп әйелдің бірі де!» деген сөздерді айтады. Оларға түнере қарған Балуан:

- Менің мазам қашқан секілді. Салт атпен жүре алмаспын. Пәуеске болса, еліме жетіп алайын, - деген екен.

Өзіне жасалған сый-сыяпаттың бәрін үйленген жігітке қалдырып, үкілі домбырасын ғана алған Балуан пәуескеге мініп еліне қайтады. Балуан жол бойы бұйығып отырып, еліне жақындағанда «Сұрша қызға» әуелетіп басқан деседі.

Осы оқиғадан кейін көп ұзамай-ақ арда азамат көз жұмады. Балуанның өз кеткенімен, оның іңкәр сезімі аңызға айналып, оның әуезді әндерін кейінгі ұрпақ жатқа айтып жүр. Махаббат деген сезім өлмейінше, ән өнері жоғалмайынша, Балуан атамыз бен Ғалия апамыздың есімдері де өшпек емес.

 Суреттер:blogs.privet.ru,horde.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11015 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 қараша 2012, 07:27
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 12:22

недеген сезимге толы десенши..., оле-олгенше гашык болу :?

+0
05 қараша 2012, 15:17

осындай шығармалар ұнайды, шынайы адам оқиғасы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...