Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әмина Өмірзақованы Мұхтар Әуезов қалай атаған?

Әмина Өмірзақованы Мұхтар Әуезов қалай атаған?

Әмина Өмірзақованы Мұхтар Әуезов қалай атаған?

Аты аңызға айналған қазақтың біртума актрисасы Әмина Ерғожақызы Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Көп ұзамай әкесі Ерғожа қайтыс болып, оларға ағасы Қаптағай қамқор болады. Әмина апа өз естелігінің бірінде: «Бізді ағам Қаптағай өсірді. Ол былғары зауытында жұмыс істеп жүргенде, оны кәсіподақтық жұмысымен Алматыға жіберді. Қаптағай ағам өзімен бірге бізді де ала кетті. Бізді ашаршылықтан аман алып қалу үшін  қалтасына бидай толтырып әкелетін. Оның осы қамқорлығын мен ешқашанда ұмытпаймын» дейді.

1934 жылы Ленинград қаласындағы театр училищесінде іріктеу жүріп жатқанын білген Әмина Өмірзақова бірден жолға шығады. Қабылдау комиссиясының төрайымы В.В.Меркурьв қаршадай қыздың жастығын алға тартып, оған «өрт» этюдын ойнап беруді тапсырады. Этюдті көрген бойда ол өз сөзін жоқ шығарып, Әмина Өмірзақоваға: «Сен, қызым, актриса боласың» деп айтқан. Сынақтан сүрінбей өткен Әмина Өмірзақова Ленинград Мемлекеттік театр институтын 1938 жылы бітіреді.

Диплом алған соң, Әмина Өмірзақова Шымкент Облыстық Драма театрына жұмысқа орналасады. Көп ұзамай Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық Драма театрына ауысады. Театрдағы қызметімен қатар, Әмина Өмірзақова киноға да түседі. Режиссер М.Левинның «Амангелді» және С.Герасимовтың «Комсомольск» фильмдерінде екінші дәрежелі рөлдерді сомдайды.


1940 жылы Ұлы Отан Соғысы басталмас бұрын, көп театрлар актерлерінің қызметі  қысқартылды. Әмина Өмірзақованың бауыры халық жауы болғандықтан, оны жұмыстан босатады. 1941 жылы ол «Қазақфильм» студиясына монтаждаушы болып жұмысқа орналасады. Осы кезде «Ақ раушан» («Белая роза») және «Алып туралы аңыз» («Песнь о великане») киноларында екінші дәрежелі рөлдерді ойнайды.

1945 жылы Г.Л.Рошаль «Абай әндері» киносын түсіре бастайды. Режиссер Толғанай ананың рөлін сомдайтын актриса іздей бастайды. Киностудияның әдемі қызметкерін байқаған ол Әмина Өмірзақованы іріктеуге шақырады. Үміткерлердің арасында Шара Жиенқұлова мен Нұрсұлу Талапова болады. Әмина Өмірзақованың суретін көрген кезде Мұхтар Әуезов: «Пұшық мұрынды ғой» деген екен. Сонда Рошаль: «Мұрынды жөндейміз, бастысы, маған оның көздері керек» деген екен.  Түсірілім кезінде Әмина Өмірзақоваға гумустан мұрын жасап, оған тек камера қосылған кезде ғана сөйлеуге рұқсат берілген.

1945 жылы Наталья Сац ықпалымен Алматыда Балалар және жасөспірімдер театры құрылды. Әмина Өмірзақова ашылған жаңа театрға орналасып, өмірінің соңына дейін аталған театрда қызмет етті.

Театрдағы қызметімен қатар, ол киноға да түсіп жүрді. 1953 жылы Е.Дзиганның «Жамбыл», 1955 жылы П.Боголюбовтың «Шабандоз қыз», А.Слободник пен Э.Файктың «Бір ауданда» («В одном районе») т.с.с. бірқатар фильмдерде ойнады.


1963 жылы Әмина Өмірзақова режиссер А.Я.Карповтың «Ана туралы баллада» (Сказ о матери) фильмінде басты рөлді сомдайды. Бұл актрисаның ең сәтті шыққан рөлдерінің бірі, ал фильм қазақ кинематографындағы ең табысты туындыларының бірі болды. Фильм Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 1964 жылы Ленинградтағы Алғашқы Бүкілодақтық кинофестивальде Әмина Өмірзақова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

1963-1968 жылдары актриса  Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» және Б.Абдылдаев пен Л.А.Гуревчитың «Самая послушная» фильмдеріне түседі. 1965 жылы қазақ кино өнерінің дамуына қосып жатқан сүбелі үлесі үшін оған Қазақ ССР халық әртісі атағы беріледі.


1968 жылы Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» комедиясы жарыққа шықты. Фильмге Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Бикен Римова сынды өнер шеберлері түсті. Ал басты кейіпкер Тана апаның рөлін Әмина Өмірзақова сомдаған болатын. Бұл фильм арқылы Әмина Өмірзақова ең үздік актрисалардың тізіміне енді.

1968-1999 жылдары Әмина Өмірзақова киноға түсіп жүрді. Барлық дерлік фильмдерде ол басты рөлдерді сомдаған. 1975 жылы Дулат Исабековтың шығармасының желісімен түсірілген «Гауһартас» фильмінде ол кинодағы жұбы Кәукен Кенжетаевпен бірге әулеттің ақжаулықты әжесі рөлін сомдады.

1996 жылы өз ұлы, режиссер Талас Өмірзақовтың «Әмина» автобиографиялық фильмінде Әмина Өмірзақова өзін-өзі ойнады.

Марапаттары:

1958 жыл – Қазақ ССР Еңбек сіңірген әртісі

1964 жыл - Ленинградтағы Алғашқы Бүкілодақтық кинофестивалі, «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы

1964 жыл – Карлов Вары қаласында өткен Халықаралық кинофестивалі,  құрмет дипломы

1967 жыл – «Ана туралы баллада» фильміндегі басты рөл үшін К.Байсейітов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы

1969 жыл – Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің кино өнер жарысының лауреаты

2001 жыл – «Еңбегі үшін» және «Театр» номинациялары бойынша Тарлан сыйлығының лауреаттары

Отан, Еңбек Қызы Ту орлендерімен марапатталған.

Аты аңызға айналған актриса 2006 жылы 26 қыркүйегінде дүние салды. Алматы қаласындағы Орталық зиратта жерленген.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

8787 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
16 ақпан 2012, 15:39

Әмина апамыздың күлкісін сүйемін!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...