Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

Бүгін қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі, қазақтың музыкалық өнерінің, ұлттық биінің негізін қалаушы, алғашқы драмалық актриса, Қазақ КСР-ның халық әртісі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртісі, ұстаз Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына орай музыкалық кеш өтті. Кеш Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастырылды.

Келген қонақтарға арналып кітапхана қорынан Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ биінің падишасы» атты көркемделген кітап көрмесі ұсынылды. Шара аясында ұлттық библиография бөлімінің дайындаған «Шара Жиенқұлова (1912-1991)» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

Кешке құрметті қонақтар да келді. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шәрбану Құмарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, танымал әншілер Тамара Асар, Айгүл Иманбаева, Жанар Айжановалар мен А.Селезнев атындағы хореография училищесінің түлектері қатысты.

Ғайникамал Бейсенова, Селезнев атындағы Алматы Хореография мектебінің мұғалімі:

- Шарадай биші қазақта бұрын-соңды болмаған. Ондай өнер адамы енді туа ма, білмеймін. Ол кісі заманның қандай екеніне қарамастан, ділді де, дінді де білді. Бала кезінен халық әндерін естіп өсті. Қазақ биінің неше түрін бір өзі жасады. Ұлттық билерді былай қойғанда, бір қазақтың биінің өзін неше түрлі етіп жүрегімен жасады. Мен ол кісінің ең бірінші шәкірттерінің бірімін. Шара Жиенқұлова елу жасына дейін билеген адам. Бұл ерлікті қайталап жүрген бишілерді естіген емеспін.

Құрметті оқырман, Серғазы Жиенқұловтың жеке мұрағатынан алынған суреттер топтамасын ұсынамыз. 

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Шара Жиенқұлова жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе мына сілтемеге өтіңіз

3489 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 қазан 2012, 15:58
Пікірлер
+0
03 қазан 2012, 16:10

Өнер адамының кешіне міндетті түрде бару керек екен.

+0
03 қазан 2012, 21:39

Жас күнінде қалай сұлу болды екен деші. Қазақ би өнерін әлемдік деңгейге көтеріп, биікте қалықтатқан Ару-апамыздың аруағы риза болғай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...