Нәзипа Құлжановаға арналған іс-шара

Нәзипа Құлжановаға арналған іс-шара
Фото: e-history.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы және «Қазақ газеттері» ЖШС 2017 жылы 12 сәуірде әл-Фараби кітапханасының №409 Залында «әл-Фараби әлемі» халықаралық ғылыми Форумы аясында көрнекті ағартушы-педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, аудармашы Назипа Сегізбайқызы Құлжанованың туғанына 130 жыл толуына арналған «ХХІ ғасыр баспа өнері мен баспасөзі: ғаламдастыру үдерісі және ұлттық ерекшеліктер» («Издательское искусство и печать ХХІ века: процес глобализации и национальные особенности») атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді. 

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның жұмысына Н.Құлжанова шығармашылығын зерттеуші қауыммен қатар белгілі қаламгерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысты. Баяндамалар мен хабарламалар мына секцияларда талқыланды:

* Алаш қозғалысы және Назипа Құлжанова;

* баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер;

* аударма өнері.

* коммуникология және салалық журналистика;

* қоғаммен байланыс және жарнама.

Гүлбахор Омарова

@. @assel_assanova