Massaget.kz жұмбағы: Бұл кім? (Жауабы)

Massaget.kz жұмбағы: Бұл кім? (Жауабы)
Фото: ©Massaget.kz

Қадірлі оқырманға арнап жұмбақ жасырған едік. Жұмбақтың шарты қазақ халқының аяулы қызына айналған мына кісінің кім екенін табу болды. Сайттағы пікірлер алаңындағы және Массагеттің әлеуметтік желілердегі аккаунттарындағы жауаптар есепке алынды. 

Жұмбақтың дұрыс жауабын жариялаймыз. Суретте КазГУ-дың (қазіргі – ҚазҰУ) филология факультетінің 3-курс студенті Зейнеп Ахметованың Қостанайдың Жітіқара ауданында студенттердің ауылшаруашылық жұмысында жүрген сәті бейнеленген. Сурет 1964 жылы түсірілген. 

Зейнеп Ахметова – Бауыржан Момышұлының келіні, қазақтың салт-дәстүрін насихаттаушы, қоғам қайраткері, жазушы, "Бабалар аманаты", "Шуақты күндер" сияқты танымал кітаптардың авторы. 

Жұмбақты шешуге тырысқан барлық зерделі оқырманымызға мың алғыс айта отырып, жеңімпаздың да есімін атап өтейік. Ол – Әлия Исатаева. Әлия Массагеттің инстаграмдағы аккаунтында жұмбақтың шешімін дұрыс тапты. 

М. Оңғарова