Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Димаш Құдайберген туралы мультфильм түсіріледі

Димаш Құдайберген туралы мультфильм түсіріледі

Димаш Құдайберген туралы мультфильм түсіріледі

Бейжіңдегі «Jebe» компаниясы Қытайдың «Singer» ән байқауының финалына жеткен қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов туралы анимациялық фильм түсіреді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

- Димаш танымалдылыққа ие болған кезде, барлық таныстарым мен де қазақ қызы екенімді еске сала бастады. Димаш үшін және барша қазақ халқы үшін кеудемді мақтаныш кернеді. Сол кезде Димаштың аниме-образын жасап, ол туралы, оның әндері туралы 3-4 минуттық анимациялық фильм түсіру идеясы туындады, - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Jebe Visual arts studio»-ның тең құрылтайшысы Жарқын Мұратқызы.

Жарқынның  айтуынша, ол 6 жыл бұрын Шыңжаң университетін бітіргеннен кейін Бейжіңге келіп, ниеттес бірнеше адаммен анимациялық студияларда жұмыс істей бастаған. 2013 жылы Се Госюнмен бірлесіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрған.

- Қазіргі уақытта бізде 13 адам жұмыс істейді, өнімдеріміздің дені жарнамалық роликтер, 3D-форматқа өңделген көркем және мультипликациялық фильмдердің эпизодтары. Алдағы уақытта өскелең қазақ жастары үшін халқымыздың мәдениетін, дәстүрін насихаттайтын мультфильмдер сериясын жасауды жоспарлап отырмыз. Мультфильмдер арқылы балаларға ұлттық мәдениетке деген махаббатты тиімді сіңіруге болады. Қазақ ертегілері экранда көрсетіліп жүрген «Дисней» мультфильмдерінен еш кем түспейді, - деді Ж.Мұратқызы.

Жарқынның бизнес бойынша серіктесі Се Госюн «Jebe» командасының жас екенін және оларды анимацияға деген махаббат біріктіретінін айтты.

Димаштың аниме-образынан бөлек, Jebe аниматорлары Қытайға танылған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың да образын жасаған.

Қытай қазақтарының анимация саласында үлкен табыстарға қол жеткізгені атап өтуге тұрарлық. 2015 жылдың маусым айында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесі, Үрімші қаласында Абай атындағы анимация академиясы жоғары оқу орны ашылды.  Оның студенттері «Абайдың балалық шағы» мультфильмін әзірлеп жатқан «Абай жолы» компаниясында жұмыс істеуде. Фильм тұсаукесері ЭКСПО-2017 барысында әлемнің бірқатар елдерінде өтеді деп жоспарланған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, этникалық қазақ Арысбек Нұханұлы Қытайдың үздік аниматоры атанды.

Еске сала кетсек, 9-кезеңде қазақстандық әнші танымал канадалық әнші Селин Дионның «All by myself» әнін орындады. 10-кезеңде Димаш Құдайбергенов Орал Байсеңгірдің «Ұмытылмас күн» әнін шырқап, үшінші орын иеленді және «Singer» байқауының шешуші кезеңіне жолдама алды. 

Дереккөз: inform.kz

484 0
Рейтинг: +1

Фото: aktobegazeti.kz
Қосылған күні: 19 наурыз, 08:20
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...