Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Джейсон Стэтхэм: Өміріңді бір адам өзгерте алады (сұхбат)

Джейсон Стэтхэм: Өміріңді бір адам өзгерте алады (сұхбат)

Джейсон Стэтхэм:  Өміріңді бір адам өзгерте алады (сұхбат)

Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэмнің балалық шағы аңызға толы. Ұзынқұлаққа сенсек, жекпе-жек өнеріне деген қызығушылығын ағасы тудырған. Әлемнің болашақ жарық жұлдызы бала кезінен футболға, суға секіруге құмар болған. Ресейдің filmpro.ru сайты атағы жер жарған актерден сұхбат алған екен, біз қазақ тіліне аударып жариялауды жөн көрдік. 

– Менің інім сіздің фильмдеріңізді қатты ұнатады, жасы 16-да, сабақ үлгерімі нашар, қандай оқуға түсетінін білмейді. Істейтін іс таппай жүр. Ініме қандай кеңес айтар едіңіз?

– Кеңес дейсіз бе? Білмедім, тіпті, менің жасым... Ол 15-те ме?

– Жоқ, 16-да.

– Өз басым 16 жаста болғанда не істейтінімді білмедім. Егер ол спортқа қызығатын болса, көшеден аулақ жүргені дұрыс. Бірақ өзім көшеде жұмыс істедім. Көшірме әшекей мен әтір сатумен айналыстым, көшенің алаяғы болдым. Осы жұмыспен 15 жасымнан бастап 30-32 жасқа дейін айналыстым. Сондықтан өз өмірім мен болашағым жайлы ойлануға уақытым көп болды. Сонда да болашағым қандай болатынын білмедім. Бәрі де мүмкін, бір адам өміріңді өзгертіп жібере алады. Кинорежиссермен кездесуім өмірімді бастан-аяқ өзгертеді деп ешқашан ойламаппын. Керек жерде, керек уақытта, керек адамға жолықсаң, алдыңнан барлық есік айқара ашылады.

Редакциядан: Стэтхэмнің өміріндегі ол адам – Гай Ричи. 90-жылдардың ортасында ол өзінің алғашқы фильміне түсіру үшін Англия көшелерінен актер іздейді. Тағы бір аңызға сенсек, Стэтхэм Ричиді көргенде, бүкіл өнерін салып, оған көшірме алтын бұйымды сатып жібереді. Фильмге түскен соң да ақшасын қайтарудан бас тартады. 

Мен төбелес өнерін жақсы көрем, джиу-джитсу (жапон жекпе-жек өнері) және кикбоксингпен (бокстың бір түрі) үздіксіз айналысам. Бұл екі өнер жұмысыма көмектесе алады. Түсірілімге керек болмаса да, осы өнермен айналысар едім, өйткені жаныма жақын. 

– Джиу-джитсумен Гай Ричимен бірге жаттыққаныңызды естідім. Кім мықты?

– Өз саласында үлкен жетістікке жететін мүмкіндігі бар оның. Біз джиу-джитсумен бірнеше жыл бұрын машина қоятын орында жаттыға бастадық. Кейін жаттығу залына келдік. Ол көп күш жұмсайды. Ол – жақсы спортшы. 

– Неге дәл осы джиу-джитсуды таңдадыңыздар? 
 
– Өйткені жекпе-жектің бұл түрінде адамның бетіне қауіп төнбейді, менің мамандығым үшін бұл – аса маңызды жайт. Спарринг кезінде бір қателік жіберсең, біттің. Кадрда көзің көгеріп тұрса, бетіңе басқа да із түссе, ол – жақсы емес. Сондықтан таңдауды шектеуге мәжбүрміз.
 


– Миксфайт (ережесіз жекпе-жектің бір түрі) жайлы естідіңіз бе? Байқап көргіңіз келмей ме?

– Жоқ, жоқ. Бұл нағыз жігіттерге арналған. Нағыз төбелес шеберлерін қатты құрметтеймін. Федор Емельяненко сүйікті спортшым болды. Бұндай адамдар маған шабыт береді. Біздің жасап жүргеніміз басқа, қойылым қоямыз, ал олар – нағыз батырлар. 

– Өзіңізді шабыттандыратын, актерлік жолыңызда сізге ықпал еткен басқа да жекпе-жек шеберлерін атай аласыз ба?

– Ондай адамдар көп, ал кино мен жекпе-жек өнерін қатар алып жүргендер жайлы айтар болсам, ең алдымен Брюс Ли, Джеки Чан сияқты жігіттер есіме түседі. Өйткені олар бәрін ойдан құрастырып, өз трюктарын өздері орындайды. Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер сияқты аңыз адамдар да бар, өз басым ондай кісілерді қатты құрметтеймін. Сосын Пол Ньюман, Чарльз Бронсон және Стив Маккуин сияқты "ескі мектептің" өкілдері бар, осы кісілер сияқты болғым келеді. Олар қарапайым актерлер сияқты емес. 

Сұхбат filmpro.ru сайтынан аударылды

835 0
Рейтинг: +0

Фото: Men's Health
Қосылған күні: 18 наурыз, 14:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...