"Үлкен жүрегіңе ризамын, замандасым" – президенттің ғалымға жазған хаты

"Үлкен жүрегіңе ризамын, замандасым" – президенттің ғалымға жазған хаты
Фото: egemen.kz

Жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, профессор, 66 жасында дүниеден өткен Ақселеу Сейдімбекті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатты құрметтеген. Президент ғалымды 2002 жылы 60 жасқа толуымен құттықтайды. Назарбаев профессорға деген жылы лебізін ақ параққа өз қолымен жазып жеткізген. "Аса қадірлі Ақселеу! Сонау жас кезімізден бір-бірімізді біліп, сыйласып келеміз. Сенің «Лениншіл жаста» кор­респондент кезің, менің метал­лургиядағы (Теміртауда) алғашқы қадамдарым есіме түседі. Зымырап уақыт өтті. Сен де алпыстың асуына шықтың. Құтты болсын. Ғұмырлы бол. Еңбегіңді еліңнен аяма. Жиі және жеке кездесіп тұрмасақ та, барша өмірің, шығармаларың көз алдымда өтіп жатты. Ұлтжандылығыңа, еліңе, жеріңе деген үлкен жү­регіңе ризамын, замандасым! Торқалы тойыңның төрін­демін, сыйлаймын, сендей аза­маттар қазақта көп болса екен деп армандаймын. 60 жасты үлкен ғалым, елдің сыйлы азаматы ретінде атап, тойлап отырмыз. Жақсылықтар елімізде, бізде де ұзағынан болсын", – делінген жазбада. 

М. Оңғарова