Бүгін Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні

Бүгін Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні
Фото: Рыболовный клуб Балычок

Бүгін 12 қаңтар КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған тұңғыш қазақ азаматы – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Дінмұхаммед Қонаев – отбасындағы он бір баланың төртіншісі. Бойшаң болған. Бойының ұзындығы – 198 см. Аяқ киімінің өлшемі – 46. Жұмыстан тыс кезіндегі ең сүйікті ісі саятшылық және қару-жарақ топтамасын (коллекция) жинау болған. Оған қоса оттық түрлерін де жинағанды жақсы көрген. Мемлекет қызметкері болса да, оның арнайы күзетшісі болмаған. Халық арасында осындай қарапайымдығымен есте қалған. Қазір Алматы қаласында мұражайға айналған үйінде 24 жыл өмір сүрген. Үйінің көлемі де шағын, қарапайым жиһаздармен жабдықталған.  Оның үйіне байланысты Брежневтің өзі «Бар дүниең осы ма?» деп таңғалған.

Қонаев деген екен...

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте. 

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Жалада шындық болмайды.

М. Ақан