Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Өнер жұлдыздары өз жаңалықтарымен бөлісуде.

Роза Әлқожа бейнебаян түсіруге дайындалуда

Әнші, ақын, сазгер Роза Әлқожаның көрермен қауымнан сұрайтын сүйінші жаңалықтары көп-ақ. «Қазақ радиосы» ұйымдастыратын ән шеруде әншінің «Иман келтіру», «Мен сыйға тартқан орамал» әндері I орынға табан тіреді. Сондай-ақ, әнші «Сырдария» (сөзін жазған ақын Назгүл Бердіқожа, орындайтын Заттыбек Көпбосынов), «Жүрекке әмір жүрмейді» (сөзі Бақыт Бабаштікі) т.б. әндерді жарыққа шығарды. Әншінің ұлы Жанарыс биыл сүндетке отырғызылып, мектепке дайындық сыныбына оқуға барды.

Роза Әлқожа:

«Менің бойтұмар әніме айналған «Мен сыйға тартқан орамалды» әнші Еркін Нұржановпен бірге дуэт болып жаздырып, өткен жылғы шығармашылық концертімде орындаған едік. Бұл әнімізді тыңдармандарымыз жылы қабылдады. Ел көңілінен шыққан соң, әнге бейнебаян түсіруге бел будық. Қазір бейнебаян желісін ойластырып жатырмыз. Амандық болса, түсірілім жұмысын қазан айында бастамақ ниеттеміз. Сондай-ақ, қараша айында Еркін екеуміз Қытай еліне гастрольдік сапармен барып, концерт береміз»

«Алдаспан» тобы «Қазақ барысы-2012» турнирінде өнер көрсетеді

Астана қаласында қыркүйектің 22-жұлдызында «Қазақ барысы-2012» турнирі өтеді. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан шараға «Алдаспан» тобы да қатысады. Топ мүшелері сайысқа түсетін палуандарды қолдап, «Барыс» әнін орындайтын болады.

«Барыс» әні - қазақша күрес сайысының ресми әнұраны. Ән арнайы тапсырыспен жазылған. Сөзін Роман Бұрқашев бауырымыз, ал әуенін тобымыз мүшесі Шамшаддин Омаров жазған. «Барыс» әні жақында ғана тұсауы кесілген «Ұлы көш» күйтабағына енді. 12 күн ішінде 3D форматында бейнебаян түсірдік. Қазір ол өңделіп жатыр. Алдағы күндері жұртшылық назарына ұсынамыз. «Барыс» әнін сенбі күні Астана өтетін жарыста жанды дауыста орындайтын боламыз,» - дейді топ жетекшісі Нұржан Тойшы.

«Арт-Дала» тобы концертке дайындық жасап жатыр

«Арт-Дала» тобы қазан айында өтетін «Алтын Батыр» стэп-би тобының жеке шығармашылық кешіне дайындалып, жаңа шығармалар жаздыруда.

Дариға Қабдырова, «Арт-Дала» тобының мүшесі:

«Еліміздегі «Алтын Батыр» бірегей би тобы қазан айында Алматыдағы Республика Сарайында жеке шығармашылық кешін ұйымдастырғалы жатыр. «Арт-Дала» мен «Алтын Батыр» бұрыннан бері шығармашылық байланыс орнатқан. Астана, Қарағанды қалаларында өткен бірқатар концерттік кештерде бірлесіп өнер көрсеткенбіз. Енді, мінекей, алматылық көрермен алдында өнерімізді ортаға салуға дайындалып жатырмыз. Тобымыздың шығармашылығы жайлы айтар болсақ, жаңа туындылар жаздырып, ән қоржынымызды толықтыру үстіндеміз»

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер жұлдыздардың жеке мұрағатынан және alashainasy.kz сайтынан алынған

10210 14
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 15:04
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2012, 16:56

Арт-Дала деген басқа да Асу деген топ басқа ма?

+0
18 қыркүйек 2012, 17:37

"Асу" деген жігіттерден құралған топ қой)))Индира Расылхан жетекшілік ететін

+0
18 қыркүйек 2012, 17:39

Жоқ, алдында Орталық стадионда болған концертте осындай атпен үш қыз инструменталды композиция орындады.

+0
18 қыркүйек 2012, 17:43

Ол "Асыл" ғой

+0
18 қыркүйек 2012, 17:44

Ааа

+0
18 қыркүйек 2012, 19:37

менде осыны түсінбей отырмын ;)

+0
18 қыркүйек 2012, 17:54

АСУ деген басқа Арт-Дала деген басқа)

+0
18 қыркүйек 2012, 17:56

топтардың көптігінен шатасуға болады, тас лақтырсаң әншіге тиетін заман болды бұл :) мен де әнші болам ғой деймін :lol:

+0
18 қыркүйек 2012, 17:57

Cосын Мейіргүлі қайсы, Мейрамбегі қайсы деп отырайық :lol:

+0
18 қыркүйек 2012, 18:00

Айтпаааа )) Анарка бірігіп топ құруға қалай қарайсың? :lol:

+0
18 қыркүйек 2012, 18:01

О, нет!!!! :lol:

+0
18 қыркүйек 2012, 18:03

:lol: :lol:

+0
18 қыркүйек 2012, 18:46

"Алдаспан"деген топтын барын 1шi рет естiп отырмын. Сiздер айтып жаткан "Асу","Асыл"деген топтардыда танымайды екем. :roll:

+0
18 қыркүйек 2012, 21:28

стэп-би үйренгендері күшті екен ғоййй

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...