Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Роман Майғазиев: "Топтағы өзгеріс жайлы айтуға асықпадық"

Роман Майғазиев: "Топтағы өзгеріс жайлы айтуға асықпадық"

Роман Майғазиев:

Сахна төрінде жаңа құраммен өнер көрсетіп жүрген «До-Мажор» тобының әншісі Роман Майғазиевпен болған сұхбат

Роман, топ құрамы неліктен өзгеріске ұшырады?

«До-Мажор» тобының құрылғалы бері бірге жұмыс істеген жігіттер Айдос пен Ермек өз еріктерімен топтан кететіндерін айтқан болатын. Жігіттердің мұндай шешімге келгені жеке бастарының жағдайына байланысты болса керек. Екеуі де екі бөлек кетті. Келешекте Айдос та, Ермек те өнерлерін жалғастырып, сахнадан көрініп жатса, ол үшін мен тек шын пейіліммен қуанамын. Жігіттер топтан кеткен соң, топ жұмысын жалғастыру мақсатымен, жаңа құраммен өнер көрсетуге бел будық. Қазір Ермек пен Айдостың орындарын Саламат Сырттанбеков пен Самат Әлімқұлов деген жігіттер басты.

Жаңадан келген жігіттер қалай іріктелді? Іріктеу кезеңі қалай өтті?

Айтарлықтай, үлкен кастинг өткізіп, арнайы іріктеу кезеңін ұйымдастырған жоқпыз. Ең әуелі, топқа Саламат келді. Өз өнерін ортаға салып, өзін көрсете білді. Көңілімізден шығып, топқа қабылданды. Кейін Саматты да іздестіріп, таптық. Екі жігітпен де аз-маз таныстығымыз болған. Олар да топ жұмысы жайлы сырттай біліп-көрген.

Топтың жаңа мүшелерімен жақынырақ таныссақ

Саламат Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жайрем ауылының тумасы. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі. Бала кезінен өнерге жақын болып, музыкалық аспаптарда ойнауды меңгерген. Қазіргі таңда вокалдан дәріс алып, өз өнерін шыңдау үстінде. Самат Шымкент қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 4-курс студенті.

Топтағы өзгерістер, оның жұмысы тыңдарман тарапынан үлкен сынға ұшырайтыны сөзсіз. Жалпы, сынға деген көзқарастарыңыз қандай?

Атам қазақ «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп жатады. Дұрысын қабылдаймыз, бұрысына реніш білдіріп, өкпе артпаймыз. Барлығының көңілінен шығу, әлбетте, мүмкін емес. Алайда, кем-кетіктерді түзеуге белсене ат салысамыз.

Топтың репертуары жайлы айта кетсеңіз. Жаңа құраммен топтың бұрыннан келе жатқан қай әндері қайта жазылды?

Ескі өңдеудегі «Қыздар-ай», «Тасада өскен гүл», «Айым менің» деген әндер мен төлқұжатымызға айналған «Қайдасың» әнін жаңа өңдеумен қайта жаздық. Сондай-ақ, ән қоржынымызды жаңа әндермен толықтырудамыз. «Серпер» тобының әншісі болған, марқұм Биғазы Тұтқабеков ағамыздың ұлы Алмас Биғазыұлының «Білем, жаным» әнін жазып, бейнебаян түсірдік. Жақында оны жұрт назарына ұсынған болатынбыз.

«Білем, жаным» әнін Салтанат Құдайбергеновамен бірлесе орындадыңыздар ғой...

Иә, биыл ғана мектепті бітірген жас өнерпаз Алмас ініміздің бұл әні көңілімізден шықты. Барлығымыз жиналып, алғаш тыңдаған кезде Сәкен ағам: «Бұл әнге қыздың дауысы қажет-ақ» деп өз ойын ортаға салды. Кейін Салтанатқа хабарласып, бірлесе ән жазу туралы ұсыныс білдірдік. Салтанат ойымызды бірден мақұлдады.

«Білем, жаным» әніне бейнебаян қалай түсірілді? Түсірілім кезіндегі қандай да бір қызықтар я қиындықтар болды ма?

Барлығы ойдағыдай өтті. Айтарлықтай, қиындықтар болған емес. Жігіттер бұрын-соңды бейнебаян жұмысына қатыспағаннан кейін, оларды «Қалай түсіреміз? Не істейміз? Қалай болар екен?» деген сұрақтар мазалады. Бейнебаянды «Tore Production» студиясы түсірді. Белгілі бір сюжеті жоқ, трек бағытындағы бейнебаян. Өз жұмысымыз көңілімізден шықты.

Құпия болмаса, бейнебаян бюджеті қандай болды?

Ол жағын, шыны керек, білмейді екенмін. Продюсеріміз Сәкен ағам біледі.

Қалай ойлайсыз, Роман, жаңа құрам мен ескі құрам арасында қандай ерекшелік бар ма?

Менің ойымша, жаңадан келген жігіттердің дауыстары өзгеше. Қазақ эстрадасына жаңа өзгеріс, басқа серпіліс әкелетін сияқты. Ескі құрамдағы жігіттердің дауыстары дәстүрлі бағытқа көбірек келетіндей. Бұл, әрине, менің ойым. Бағасын халық берер, ерекшелігін де тыңдармандарымыз ашып, тарқатып айта жатар.

Жаңа құрамды елге кеңінен таныстыруда қандай шаралар атқарылуда?

Топтағы өзгеріс бүгін я кеше болған жоқ. Өзгеріске ұшырағанына алты айдың жүзі болды. Бірақ та, біз «Өзгеріске ұшырадық» деп елден сүйінші сұрауға асықпадық.  Осы уақыт аралығында біз біраз шығармашылық жұмыстарды атқардық. Әндерді қайта жазғызып, бейнебаян түсірдік. Жасаған еңбегімізді көрсетіп барып, жаңа құрамды таныстырайық деп шештік. Бейнебаянымызды ұсынғаннан кейін, топ жаңалықтарымен енді ғана бөлісіп жатырмыз. Телевизиялық түсірілімдерге қатысып, ақпараттық басылымдарға сұхбат беру үстіндеміз. Гастрольдік сапарларға шығып, концерттерде өнер көрсетуге шақыру алып жатырмыз.

Ал топтан кеткен Ермек пен Айдоспен сәлемдеріңіз түзу ме?

Әлбетте, барлығы бұрынғыдай. Әлде де бір-біріміздің қал-жағдайымызды сұрап, бір-біріміздің үйімізге барып, етене араласып тұрамыз. Өзгелер ойлағандай, арамызда кикілжің, ұрыс-керіс, қызыл сөз болған емес.

Сұхбатымызды түйіндесек. Тыңдармандарға айтар тілегіңіз.

«До-Мажор» қайда кетті? Неліктен көрінбей жүр?» деп жүрген тыңдармандарымызға, ең алдымен, алғыс айтамын. Ыстық ықыластарыңыз бен ерекше пейілдеріңізге мың да бір рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтап, көңілдеріңізден шығуға әрдайым тырысып бағамыз. Алдағы күндері сіздерді жаңа әндерімізбен қуантып, жақсы өнер сыйлауға ат салысамыз дегім келеді.

Көп рахмет! Өнердің биік шыңынан көріне беріңіздер!

Сұхбаттасқан: Ғазиза Ұзақ

Суреттер «До-Мажор» тобының жеке мұрағатынан алынған

4389 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2012, 10:04
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2012, 10:19

қайта өңделген "Қайдасың" әні ҚАЙДАСЫҢ???

+0
17 қыркүйек 2012, 10:21

Үшінші әнші Меломендік Ғабитке ұқсайды екен ;)

+0
17 қыркүйек 2012, 12:58

Романға сақал қойған жараспайтын сияқты ма? :roll: біртүрлі иа

+0
17 қыркүйек 2012, 13:40

"Білем жаным" әнін тыңдадым, білмейм, анау айтқандай керемет әсер алған жоқпын, иірімдері де мүлде есте қалған жоқ, жеке тәжірибемнен түйгенім, жақсы ән тыңдасам әуені мен кей сөздері біразға дейін жатталып қалатын санамда. Сәкен айтты дейді ғой "Қыздың даусы жетіспейді" деп, хех, жеке ойым, сол дауыс әлі де жетіспей ме деп қалдым :lol:
Дегенмен, "ДоМажор" - іздейтін-ақ топ қой, олар туралы бір хабар алғаныма қуанып қалдым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...