Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Фахриддин Ахназаров: "Аяқ асты цирк әртісі болып кеттім"

Фахриддин Ахназаров: "Аяқ асты цирк әртісі болып кеттім"

Фахриддин Ахназаров:

Алматы қаласындағы Цирк өнерінің Бүкіләлемдік фестивалінің қатысушысы, белгілі рекордсмен, цирк әртісі, «Әлемнің ең күшті азаматы» Фахриддин Ахназаровпен болған сұхбат.

Фахриддин аға, Алматыға қош келіпсіз!

Қош көрдік! Көп рахмет!

Сіз Алматы циркінде бірнеше мәрте өнер көрсетіп едіңіз. Алматылық публиканы сағынған боларсыз

Иә, бұл циркте талай рет өнер көрсетіп едім. Бас-аяғы қанша рет келгенімді нақты айта алмаймын. Санаған да емеспін. Алматылық көрермендерді қайта көруге асығудамын. Бүгін менің қойылымыма қажет ағаш тақтайшаларын сатып алу үшін базарға барып едік, сатушы маған ұзақ қарап: «Сіз цирк әртісі емессіз бе? Мен сіздің қойылымдарыңызда болғанмын» дегенде, шыны керек, марқайып қалдым. Алматылық публика мені, мен оларды сағынғандаймын.

Сізді «Әлемнің ең күшті азаматы» дейді. Қалай ойлайсыз, ол рас па? Бәлкім, сізден де күшті жан бар шығар...

Бар да шығар, қайдан білейін?! (күлді). Өзімді өзгеден мықтымын, күштімін деп, кеуде соға алмаспын. Бұл атақты менің өнерімді жоғары бағалаған көрермендер берсе керек. Ал мен үшін көрермендер пейілі өте қымбат. Оларға шаттық сыйлау, көңілдерін көтеру, таңдайын қақтыру менің басты жұмысым әрі мақсатым болып табылады.

Ал сізге келіп: «Мен сенен күштімін» дегендер болды ма?

Жоқ, олай ешкім де айтқан емес. Бірақ, кейбір жандар менің қабілеттеріме қарап, менен асып түсуді мақсат тұтады. Мысалы, бір ауыр салмақты көтерді делік. Көтеруін көтергенмен, оның тынысы тарылып, бірден қызарып кетеді. Сондай жандарға таң қаламын. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» дегендей, артық іс-әрекет істеп, өтірік өнер көрсетудің қажеті шамалы. Қолыңнан келсе, алға бас. Кері жағдайда, өзгелермен таласпа.

Қалай ойлайсыз, күшті болу үшін не істеу керек?

Менде, айтарлықтай, қатып қалған қағида жоқ. Диета ұстамаймын, спортпен шұғылданбаймын. Ең бастысы - тыныш ұйқы және жөнді тамақтану. Ұйқың тыныш болса, барлығы ойдағыдай жүріп жатыр деген сөз. Ал тамаққа келер болсақ, оны талғамаймын. Барға қанағат.

Сонда да болса сүйікті тамағыңыз бар шығар?

Суши.

Суши?! Оның қандай нәрлілігі бар?

Білмеймін, аса нәрлілігі болмаса да, соны қатты ұнатамын.

Күшіңізді цирк аренасынан тыс жерлерде қолдандыңыз ба? Бұзақылармен төбелесіп дегендей...

Жо-жоқ, о не дегенің! Мен ешуақытта күшімді төбелеске құртпаймын. Маған өмірде бұзақылар тиіскен емес, менің де олар да жұмысым жоқ. Бірақ, маған адам ұнамаса я оның бір әрекетіне көңілім толмаса, мен оған жылы қабақ танытпаймын. Сол кезде оның өзі маған келіп: «Фахраддин, былай суық қарағанша, маған жұдырығыңды ала жүргенің дұрысырақ еді» деп айтады.

Жаңа көпшіліктің өтініші бойынша ауыр кіртастардың үстіне қыздарды тұрғызып, барлығын тісіңізбен көтердіңіз. Шамамен, барлығының салмағы қанша болды?

Шамамен, 400 кг-ға жуық. Бір кіртастың салмағы 32 кг. Қыздардың салмағы 50-60 кг. Мен бұдан да көп көтеремін ғой. Тек өкінішке орай, өз тастарымды, қойылымға қажетті өзге де дүниелерді Алматыға әкелу мүмкін емес. Мына тастарды осы жердегі достарым әкеліп берді. Жаңа барып, ағаш тақтайшалар сатып алдық. Барлығын осы жақтан алуға тура келеді.

Жалпы өзіңіздің салмағыңыз қанша?

115 кг

Соңғы рет қашан рекорд жаңартып едіңіз?

Осы жылдың мамыр айында. Бір қойылымда тісіммен 1460 кг көтердім.

Ал негізі одан да көп көтересіз ғой?

Әрине. 2,5-3 тонна тартатын пілді көтеремін. Әрқайсысы 350 ат күшін тартатын шетел көліктерін ұстап тұрамын. Айта берсем, көп қой.

Көліктер демекші сіздің үстіңізден көлік өтеді емес пе?

Иә, бірнеше адам отырғызылған көлік менің үстімнен өтеді. Мен аренаға жатамын, үстіме ағаш тақтайшалар қойылады. Оның үстімен көлік өтеді. Осымен қойылым аяқталады.

Өте ауыр қойылым ғой. Жарақат алу да қаупі жоғары. Қалай жүрексінбейсіз?

Өзім таңдап алған соң, оның несіне жүрексінемін. Біртіндеп үйреніп кетесің. Оны ары қарай дамытқың келеді.

Ал осындай қойылым кезінде жарақат алған кездеріңіз болды ма?

Көрсетейін бе?! (күлді)

Көрсетіңіз...

Мінекей. Мына жарақатты мен кезекті қойылымның бірінде алдым. Қойылымның сәтті шығуы маған ғана емес, көлік тізгінін ұстап тұрған жүргізушіге де байланысты. Ол тақтайшалардың үстімен түзу жүріп кетуге тиіс. Алайда, ол рульді оң жаққа бұрып жіберіп, тақтайшалар жылжып кетті. Салдарынан қойылым ойдағыдай шықпай, мен жарақат алдым.

Оны көрермендер байқады ма?

Жоқ, біз оларға сыр білдірмедік. Мен іштей демімді ұстап тұрдым. Дем шығарсам, сол жерде-ақ о дүниеге жүріп кетер едім. Көлік жүріп болған соң, тақтайшаларды алып, көпшілікке иіліп, аренадан шығып кеттік. Сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Балет пен цирк өте қиын өнер. Ол кино, театр, сурет өнері емес. Екі өнерді көрсету үшін әртістер үлкен азаптан өтеді. Жарақат алады, қиындықтарға тап болады. Ал бірақ, оны публикаға көрсетпейді. Бар қиыншылықты сахна, арена сыртында қалдырып, көрермендер алдында жарқырап шығып, әдемі өнер көрсетеді. Сол сияқты мына мен көрермендерге шаттық сыйлауым керек, олар менің қиналғанымды, ауырғанымды көрмеуі керек.

Ал көріп қалса ше?

Көрсе, маған жандары ашиды. Көрермендер ғана емес, жанымда жүрген жандар да аяушылық танытады. «Тастап кет», «Басқа іспен айналыс» дегендер қаншама. Мен қалай тастаймын? Бұл менің жеп отырған наным. Осы өнерім арқылы мен отбасымды асыраймын. Балаларымның жағдайын жасаймын.

Отбасыңыз жайлы айтсаңыз

Бір әйелім, екі қызым бар. Мен отбасын кеш құрдым. Үлкен қызым 10 жаста, кішім 4-ке толды.

Әйеліңіз сіздің өнеріңізге қалай қарайды? Үнемі түзде жүресіз, үйде көп бола бермейсіз

Барлығына түсіністікпен қарайды. Жөнсіз қызғанып, жасап жатқан еңбегіме қарсы шықпайды.

Қыздарыңыздың цирк әртісі болғанын қалар ма едіңіз?

Жоқ, мүлдем қаламас едім. Бірақ, қыздарым циркте өнер көрсетеміз деп шешім қабылдаса, қарсы болмаймын. Себебі, бұл олардың өз таңдауы, өз қалаулары.

Ал сіз бұл қалай бұл кәсіптің етегін ұстадыңыз? Әлде, бұл бала арман ба?

Бала күндері небір армандар болды ғой. Бір сәтте аяқ асты цирк әртісі болып кеттім. Кейін оның мен үшін қаншалықты маңызды екенін ұқтым. Цирк аренасынан басқа өзімді еш жерде көрмеймін.

Ата-анаңыз немен айналысты? Өнерге қатысы бар ма?

Мүлдем қатысы жоқ. Анам үй шаруасында, бала тәрбиелеумен айналысты. Әкем - ұста. Екеуінің де циркке еш қатысы жоқ. Циркте жүрген жалғыз мен ғана.

Әкеңіз, бауырларыңыз да сіз сияқты ірі денелі ме?

Жоқ, олардың барлығы арық жандар. Менің нағашыларым алып денелі палуан болған екен. Мен дүниеге келгенде салмағы 6 кг 200 грамм болған. Мен табиғатымнан осындай болып туылдым.

Дәріс беріп, шәкірт тәрбиелейсіз бе?

Осы күнге дейін ешкімді үйреткен жоқпын. Алдыма келіп «үйретіңіз» десе, әлбетте, тәрбиелеуге кірісер едім.

Сөйлеген сөздеріңізге қарап, сіздің өте сабырлы, салмақты жан екеніңізді аңғардым

Иә, мінезіме бірі таңдана қараса, бірі күдікпен қарайды. Алып күш иесінің сабырлы болуы екіталай ғой. Әйткенмен, мен барға қанағат дейтін, әрдайым өзімді сабырлыққа шақыратын жанмын. Жөнсіз мазаланып, өткенге өкініп, болашақты болжайтын адам емеспін. Менің өмірімде жақсы да, жаман да адамдар кездесті. Бірі аяқтан шалды, бірі жолымды бөгеді. Бірі ақылын айтып, мені үлкен өмірге дайындады. Осыдан 20 жыл бұрын мен бір кісімен танысып, сырласып кеттім. Ол кісі бүгінде өмірде жоқ. Бірақ та, оның айтқан сөздері менің жадымда. Әлі күнге ол кісінің ақылына құлақ асамын. Өмір қаншалықты қиын болса, соншалықты қымбат.

Біздің оқырмандарға айтар тілегіңіз

Барлықтарыңызға амандық, шаттық және бақыт тілеймін!

Сұхбаттасқан және суреттерді түсірген: Ғазиза Ұзақ


5724 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 қыркүйек 2012, 17:42
Пікірлер
+0
15 қыркүйек 2012, 12:43

Күшті, шынымен ірі екен. Қиын болса да өнердің аты өнер осындай өнерде адал еңбек етіп жүрген азаматтарға табыс тілеймін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...