Пусан халықаралық кинофестивалі: Азат Сейтметов – үздік актер

Пусан халықаралық кинофестивалі: Азат Сейтметов – үздік актер
Фото: М.Әуезов театрының баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивалінде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов кинорежиссер Асқар Ұзабаеватың «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен жылдың үздік актері номинациясында жеңімпаз атанды. Халықаралық кинофестивальде Азат Сейтметовтың үздік актер атануы қазақ киноматеграфиясының жеңісі.

«Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген Асқар Ұзабаевтың «Әке» телехикаясы – әлеуметтік драмасы өмірдің, тұрмыстың ауыр кезеңдерін бастан кешіретін отбасы туралы баяндайды.

Азат Райымбекұлын халықаралық кинофестивальдегі жеңісімен театр ұжымы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

М.Әуезов театрының
баспасөз қызметі

@. @assel_assanova