Евгения Клишинаға Қытайдың сән агенттігі құда түсіп отыр

Евгения Клишинаға Қытайдың сән агенттігі құда түсіп отыр

Қазақстанның вице-аруы Евгения Клишинаға қытайлық бір сән агенттігі бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасап отыр. Бұл жөнінде ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жария қылған.

«Менің типажым оларды қызықтырып отырған болу керек», - деп топшылайды жиырма бес жастағы Қазақстанның вице-аруы. Модельердің болашаққа жоспарланып отырған шетелдік агенттікпен келіссөздері жөнінде Астанадан оның директоры да растап отыр. «Иә, Женяға деген әлемдік сән агенттіктерінің қызығушылығы бары рас. Сонда да мен қазір ештеңені де кесіп айта алмаймын. Өйткені біз келіссөздерді енді ғана қолға алып жатырмыз», - дейді Арсен Әлімжанов.

Клишинаның сөзіне сенсек, ол енді өзінің карьерасын сән мінберлерінде жалғастыра бергісі келмейді. «Мен үшін сән мінберіндегі модельер болу  мүлде қызықты емес. Мен шығармашылық адамымын. Маған одан да киноға түскен өте ұнайды», - деп түсіндірді жас ару. Сонымен қатар, ол өзінің карьерасын сән ісінде жалғастыра беретінін айтты. «Мен мұның бәрін жұлдыз болу үшін жасап жүрген жоқпын және оған талпынбаймын да. Мен тек тағдырым берген мүмкіндіктерді пайдаланып қалғым келеді. Бары сол ғана... Егер мен елімнің шоу-бизнес саласына керек болсам, онда қолымнан келгенше өз ісіме білек сыбана кірісем. Бірақ мен халыққа дәрігер ретінде де керекпін деп ойлаймын» - деді Клишина. Еске сала кетсек, ол қазір Астананың емханасында бала дәрігері болып қызмет атқарып жүр. Болашақта үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген жануарларға арналған баспана ашуды қолға алғысы келеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: chaihana.kg, vk.com

А. Әбілхан