Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Танымал тұлғалардың әуесқойлықтары

Танымал тұлғалардың әуесқойлықтары

Танымал тұлғалардың әуесқойлықтары

Адам болып жаратылған соң, ішіп-жеу және соның қамы үшін жасалатын әрекеттермен ғана шектеліп қана қоймай, ерекше нәрселермен әуестенген дұрыс.  Осы белгілі бір затқа немесе іске қызығушылықты көпшіліктің арасында «хобби» деп атау кең етек алған. Ендеше бүгін біз сіздермен әлем тарихында есімдері ерекше аталатын тұлғалардың ерекше ермектерімен танысатын боламыз.

Атағы жер жарған Наполеон Бонапарт қалайы солдаттардан және сағаттардан колекция жинаған.
Ал он сегізінші ғасырдағы француз кардиналы Ришелье темекі тартатын мүштектерді жинауға әуес болыпты. Егер ол біреуден өзгеше мүштек көрсе, қанша қымбат болса да, қаражатын жинап, сатып алып жүрген.
Ұлыбританияның көрнекті дипломаты Уинстон Черчель ойыншық әскерлерді жинауды әдетке айналдырса, атақты канцлер Бисмарк градусниктерді жинауды жөн көріпті.
Орыстардың бірінші коллекционері болып есептелетін І Петр сирек кездесетін ақша, қару-жарақ түрлерін, түрлі медальдарды жинауға құмар болыпты. Бүгінде осындай жиналған бұйымдар реттеліп, Кунсткамера атты мұражайға қойылған.
Алтын қолды суретші Леонардо да Винчи түрлі тағамдар ойлап тауып, дәмі түл үйірер тәттілер дайындаудың шебері болған деседі. Атақты физик Альберт Энштейн скрипкамен ерекше әуестенген.
Америка Құрама Штаттарының өткен ғасырдағы президенттерінің бірі Рональд Рейган әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинауға құмар болса, оның әйелі Нэнси діни мерекелерде бір-біріне сыйлайтын алуан түсті жұмыртқаларды жинаған.
Химияның атасы, ғұлама Дмитрий Менделеев бос уақытында чемодан жасаумен айналысқан. Және көптген танымал адамдар оған тапсырыс берген екен. Көршілері Менделеевті атақты химик ретінде емес, қолөнер шебері ретінде таныған.
Біз білетін атақты Гете атамыз өзінің туған қаласы Веймерде серуендеп жүріп, шегіргүлдің ұрықтарын сеуіп жүргенді ұнатқан екен. Ол гүлдер бүгінгі дейін өсіп тұр және гүлдерді жергілікті тұрғындар «Гетенің шегіргүлдері» деп атайды.
Ал қазақтың бір тума перзенттерінің бірі Дінмұхаммед Қонаев оттықтан коллекция жинаған.
Есімі алашқа жайылған жазушы Ғабит Мүсірепов алуан түрлі таяқтар жинап жүрген.
   

Ал сіздің сүйікті ісіңіз қандай?

 

Суреттер:1001fact.ru,mudrilka.ru,vzglyadzagran.ru,calend.ru,proza.info,dmk.kz,egemen.kz

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8953 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 тамыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
24 тамыз 2012, 11:17

Леонардо да Винчи жалпы әсемдікке өте құмар болған ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...