Ван Гогтың картинасы 7000 домино тасымен салынып шықты

Ван Гогтың картинасы 7000 домино тасымен салынып шықты

FlippyCat нигімен танымал шебер голландиялық суретшінің "Жұлдызды түн" шедеврін 11 сағатта домино тастарының көмегімен жинап шықты.

Ван Гогтың "Жұлдызды түні" домино тастары арқылы салынып шықты

Шебер Ван Гогтың бұл еңбегін қайта салу үшін 7000-дай домино тасын пайдаланған.

Автор бұл жұмысына 11 сағат уақытын сарп еткен екен. Өнерпаз осылайша 1889 жылы салынған постимпрессионизм дәуірінің шедеврін қайта салуға екінші рет күш салып көріпті. FlippyCat бұған дейін де бұл жұмысты камера алдында жасап шығуға талпынған болатын. Дегенмен оның абайсыз қимылы бүкіл еңбегін жоққа шығарған еді.

Бүкіл процесс камераға баяу түсіру техникасымен жазылып алынды. Роликті дүниежүзілік желіде қазіргі уақытқа дейін 170 000 мыңдай адам тамашалап үлгерген.

"Жұлдызды түн" әзірге FlippyCat-тың жеке рекорды болып отыр. 2007 жылы өнерпаз Леонардо да Винчидің "Мона-Лиза" картинасын 4519 дана домино тасын пайдаланып салып шыққан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: youtube сайтынан скриншот