Шерлок Холмс өмірде болған ба?

Шерлок Холмс өмірде болған ба?
Фото: kloppex.ru

Лондонда Бейкер-стритте мемориалдық тақта орналасқан үй бар. Тақтада «бұл үйде 1881 жылдан 1903 жылға дейін әйгілі із кесуші Шерлок Холмс тұрған, әрі жұмыс істеген» деп жазылған. Соған қарамастан, кейбір адамдар әлі күнге оның шын өмірде болғанына сенбей жатады. Себебі, тақтайшадағы жазуға қарамастан, шын мәнінде ондай адам болмаған.

Шерлок Холмсты атақты ағылшын жазушысы Артур Конан-Дойль ойлап тапқан. Яғни, Шерлок Холмс тек әдеби шығарманың кейіпкері.

Біраз адамдар Артур Конан-Дойльдың өзін Шерлок Холмсқа теңеген. Өйткені, ол өте байқампаз болған және қылмыстық істердегі шешуі қиын жұмбақтардың жауабын таба алған деседі. Оны тіпті Лондон полициясы көмекке шақырып, Мысыр мен Қытай басшылығы құпия қылмыстардың түйінін шешіп беруді өтінетін болған. Бірақ, ең әуелі ол өз шығармаларында өзі ойлап тапқан қылмыстарды Шерлок Холмс деген атпен шешумен айналысқан.

Артур Конан-Дойль өзінің кейіпкері арқылы танымал болды. Көптеген Лондон тұрғындары мен оның көршілері жазушыны «Шерлок Холмс мырза» деп атайтын болған.

 Дереккөз: kaztv.kaztrk.kz

Ө. Сансызбай