Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты дерек

Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты дерек
Фото: kaztv.kaztrk.kz

Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты деректі ұсынды. Еске сала кетейік, еліміз 1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп жатыр. 

1. Туылғанда салмағы 5 келі болған.
2. Есімін Құрандағы екі есімді біріктіріп әжесі қойған.
3. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған.
4. 3 жыл бойы орыс тілінде білім беретін сыныпта оқыған.
5. Жас кезінде көршінің үйін тұрғызу үшін кірпіш құйып, ақша тапқан.
6. Мектептегі аттестатында бір ғана төрт болған.
7. Мектепті бітіргеннен кейін химик болуды жоспарлаған.
8. Днепродзержинскіде оқып жүргенде күрестен Украинаның спорт шебері болған.
9. 22 жасында бірінші рет шетелге шыққан, ол ел - Финляндия.
10. Ата-анасы Түрксіб құрылысына қатысқан.
11. Әкесі балқар тілін жақсы меңгерген.
12. Нағашы атасы молда болған

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік