Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Сәжида Ахметова - көмейінен күміс төгілген әнші

Сәжида Ахметова - көмейінен күміс төгілген әнші

Сәжида Ахметова - көмейінен күміс төгілген әнші

Дулат Исабеков сценарий жазған «Гауһартас» киносындағы басты кейіпкер Салтанаттың орындаған әндері есіңізде ме? Әндерді таза әрі шебер орындап шыққан жанды білесіз бе?

Ол қазақтың жезтаңдай әншісі - Сәжида Шайхықызы Ахметова.

Сәжида Шайхықызы Ахметова 1938 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Ол бала күнінен әнге құмар болып өседі. Жеті жасында үлкен сахналардан көрініп, ән сайыстарында топ жарады. Күләш Байсейітованың репертуарындағы «Гәкку» әнімен ол өнер байқауларында жеңімпаз атанған. Сирек кездесетін нәзік дауысты Сәжида Ахметоваға сол кезде «Кішкентай Күләш» деген есім беріледі. Анасы, Хұсаинова Кәрима Садыққызы, кәсіби әнші болғандықтан, Сәжиданы бала күнінен өнерге баулып, оның дарыны мен қабілетін жіті бақылайды. Кәсіби вокалды білім алмағанымен, әнші мамандығының қыр-сырын Сәжида Ахметова анасының дәрістерінен үйренді.


Студенттік шағында әнші Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Наталья Борисова, Ирина Манасыпова, Валентина Пирогова, Валериан Каретников сынды музыкант концертмейстерлермен тығыз жұмыс істейді.

Табиғи әсем дауысты лирикалық әншіге Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Н. Тілендиев, Б. Байқадамов, М. Сағатов, Б. Жамақаев, І. Жақанов, Ә. Еспаев, С. Мұхамеджанов және басқа белгілі сазгерлер ән жазған.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Сәжида Ахметованың есімі кеңінен танылды. Ташкент қаласындағы «Мелодия» Бүкілодақтық күйтабақ фирмасы әншінің бес күйтабағын шығарды.

Дарынды әнші Қазақ радиосы мен телевизиясының жұлдызы болды. Сол уақытта эфирге «Сәжида Ахметова ән шырқайды» атты бағдарлама тұрақты шығатын. Сондай-ақ, Сәжида Ахметова Қазақ радиосындағы радиоқойылымдарды дыбыстауға ат салысқан. «Абай жолы» радиоқойылымында орындаған Әйгерім әндері ерекше бағаланды.


Нәзік үні мен көз тартар сұлулығы бар қазақтың бұрымды қызы өзге елдерде Қазақ елін танытты. Мәдени делегацияның құрамында Қырғызстан, Балтық елдері, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор), Мәскеу қалаларында өнер көрсетті.

Көмейінен күміс төгілген әнші шығармашылығының ең жарқын сәттерінің бірі деп оның қазақ киносында қалдырған өшпес ізін айтуға болады. Ш.Бейсембиевтің «Гауһартас» киносының басты кейіпкері Салтанат келіннің әндерін Сәжида Ахметова үлкен шеберлікпен орындап берген. Фильм титрларында «Салтанаттың әні» мен «Гауһартас» әндерінің орындаушысының есімі жазылмаса да, оның кербез дауысы құлақтан кетпейді. Әндердің мазмұнын терең түсініп, оның көңіл-күйі мен Жанна Қуанышева сомдаған Салтанат образын кеңінен ашуға ықпал еткен Сәжида Ахметованың дауысы қазақ киносының Алтын қорында сақтаулы.


Әнші КСРО Мәдениет Министрлігі тағайындаған «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. КСРО Мәдениет Министрлігі берген вокалистің аттестациялық куәлігі және Қазақ ССР-і Кәсіподақ Кеңесі мен Мәдениет Министрлігінің бірінші деңгейлі дипломының иегері.

Сәжида Ахметовның 2008 жылы мерейтойы құрметіне орай «Ән еркесі» атты аудио әнтаспасы жарық көрді.  

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

1433 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 қаңтар 2012, 10:40
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 16:59

Сирек дауыс иесі жайлы жазғандарыңызға рахмет! Қазақтың балалары осындай тұлғалар жайлы білу керек.

+0
19 қаңтар 2012, 23:25

Керемет жазба!!! Бүгінгі күні Сажида Ахметованың есімі ел назарынан тыс қалса да, ерекше әсем дауысы кез келген тыңдарманды тебірентеді. . Авторға және Массагет сайтына ұмытылып кеткен хас өнер шеберлері жайлы жазылған әр мақаласы үшін Алғысым шексіз!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Қаламыңызға қарым, қолыңызға қуат берсін! Рахмет.

+0
19 қаңтар 2012, 23:44

о мен білмеппін, рахмет жариялағаныңызға!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...