Роза Рымбаева Хиросимада концерт берді

Роза Рымбаева Хиросимада концерт берді

Еліміздің халық әртісі Хиросимада концерт берді. Бұл туралы  "Интерфакс-Қазақстан" хабарлап отыр.

Музыкалық кеш Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған екен. Сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күні таратқан хабарламасында: "Роза Рымбаеваның көркем дауысы мен шеберлігі Жапония жұртын тәнті етіп, таңдай қақтырды. Тыңдармандар әншіге өз дәрежесінде қошеметін білдіріп, алғыс айтты. Жиынның жайлы атмосферасы ды зал ішін жылулыққа толтырып тұрды", - делінген.

Әншінің орындауындағы "Заман-ай" әні жұрттың көзіне жас алғызды. Айта кетелік, бұл туынды Семейдегі антиядролық қозғалыстың гимні болып табылады. Ән жапон, ағылшын тілдеріне аударылып, сахнада қос тілде де орындалды.

Концертті жергілікті билік өкілдері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар келіп тамашалады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: altaynews.kz