Юрий Никулин - күлкі өнерінің хас шебері

Юрий Никулин - күлкі өнерінің хас шебері

Өмірбаяны

Демидов елді мекенінде (қазіргі Смоленск облысы) 1921 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Владимир Андреевич (1898-1964) Қызыл Әскерден соң, Политпросвет курстарын бітіргеннен кейін Демидов драма театрына орналасады. Аталмыш театрда анасы Лидия Ивановна (1902-1979) қызмет атқарған.


1925 жылы Никулиндер жанұясы Мәскеуге қоныс аударады.

1939 жылы 8 қарашада әскерге шақырылып, әскери борышын 115-зенит-артиллерия полкында өтейді.

Кеңес-фин соғысы кезінде Юрий әскери борышын өтеп жатқан зенит батареясы Сестрорецк түбінде болып, Ленинградтың әуе маңын қорғайды. Ұлы Отан соғысы кезінде 1943 жылға дейін Ленинград түбіндегі шайқастарға қатысады. 1943 жылдың көктемінде өкпе қабыну ауруына шалдығып, Ленинград ауруханасына түседі. Ауруханадан шыққан бойда Ленинградқа жасалған әуе шабуылында жарақаттанып, соғысқа жарамсыз деп танылады. 1943 тамыз айында Никулин Колпино түбіндегі 72-жеке зенит дивизионына жіберілді. 1946 жылы аға сержант дәрежесін иеленіп, әскерден қайтты. Соғыс кезінде «За отвагу», «За оборону Ленинграда» и «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған.


Соғыс біткен соң Никулин бірқатар театр институттарына оқуға тапсырады. Алайда, қабылдау комиссиясы Никулиннің бойында актерлік қабілеттілікті көре алмай, ол оқуға қабылданбайды. Жолы болмаған соң, Никулин Цветной бульварда орналасқан Мәскеу циркінің клоунада студиясына оқуға түседі. Оқудан кейін сол кездегі танымал Карандаш сайқымазаққа (клоун) жұмысқа орналасады. Жұмыс істеу барысында Михаил Шуйдинмен танысады. Барлығы бірге гастрольдік сапарларға шығып, тәжірибе жинақтайды.


Алайда 1950 жылы жұмыстағы келеңсіздік салдарынан Никулин мен Шуйдин Карандаштан бөлек шығып, екі түрлі мінезді жандар болғанына қарамастан, өздері жеке сайқымазақтар дуэтін құрайды. Никулин 60 жасқа толғанда манежге шығуды тоқтатты. 1981 жылы Цветной бульвардағы цирктің бас режиссері, 1982 жылы Никулин цирктің директоры болып тағайындалды. Директорлық қызметін атқару барысында Никулин 1989 жылы ашылған жаңа ғимаратты салуда өз үлесін қосты. Юрий Никулин өз театрында 50 жыл қызмет атқарды.

1949 жылы Никулин Татьяна Покровскаямен танысып, шаңырақ көтереді.

Шығармашылығы

 Актерлік ғұмыры өте кеш 36 жасында басталды. Бірінші рөлден-ақ өзінің әртүрлі сипатты, теңдесі жоқ әртіс екенін көрсетті. Ол цирк аренасынан экранға эксцентрика мен фактураға толы әр түрлі рөлдерді алып келді (пиротехник, фильм «Девушка с гитарой», 1958; Клячкин «Неподдающиеся», 1959; Балбес, «Совершенно серьёзно», 1961).

Леонид Гайдайдың «Пёс Барбос и необычный кросс» фильмі көпшілік қауымның ыстық ықыласын бөленді. Атақты үштіктегі ұмытылмас Балбес образы (Трус, Балбес и Бывалый) «Самогонщики» (1961), «Операция „Ы“ и другие приключения Шурика» (1965), «Кавказская пленница, или Новые приключения Шурика» (1967) кинокомедиялары оның жарқын мінезін айғақтайды.

Юрий Никулин көпшілік қауымның сүйікті киносына айналған бірқатар киноларда басты рөлді сомдады. Атап айтсақ, «Бриллиантовая рука», «12 стульев», «Старики-разбойники». Бұл фильм кейіпкерлері - бала қылықты, бірбеткей, ақкөңіл жандар.


«Когда деревья были большими» (1962) фильмінде Кузьма Кузьмич Иорданов рөлін сомдады. Бұл жалғыздық, құлазудан өзін алып шығу, жұтаңдану, жалғандық сияқты түрлі психологиялық кейіптерді бейнелейтін күрделі рөл еді.

Андрей Тарковскийдің «Андрей Рублёв» фильмінде Юрий Никулин Патрикей монахының образына еніп, трагедиялық рөлді алып шықты. Сонымен қатар, оның Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы бірқатар рөлдерін айта кеткен жөн. «Они сражались за Родину», режиссёр Сергей Бондарчук; «Двадцать дней без войны» режиссёр Алексей Герман-старший (1977) фильмдерінде актер ішкі драматизмге толы ойынды көрсете алды.

Өмірінің соңғы жылдарында Никулин «Белый попугай» әзіл-оспақ бағдарламасын жүргізіп, «В нашу гавань заходили корабли» бағдарламасына тұрақты қатысты.

1991 жылы «Поле чудес» капитал-шоуының Владислав Листьев қатысқан соңғы шыққан бағдарламасына қатысты.

Никулин Ленин атындағы Кеңес ордендерімен екі мәрте (14.02.1980, 27.12.1990), Ұлы Отан соғысының 2-дәрежелі орденімен (11.03.1985), Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Отан алдындағы еңбегі үшін» Ресейдің 3-дәрежелі орденімен (11.12.1996), «Еңбек ерлігі» үшін медалімен марапатталған.


Никулин 1970 жылы кинодағы бірқатар комедиялық рөлдері үшін ағайынды Васильевтер атындағы РСФСР мемлекеттік жүлдесіне, 1995 жылы «Шығармашылық мансабы үшін Президент кеңесінің жүлдесі» номинациясы бойынша «Кинотавр» кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

1973 жылы Никулин КСРО Халық әртісі атағын, 1990 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленеді.

Қазіргі Никулин атындағы цирк жанында қола монументі орналасқан.

 Фильмография

Жыл

 

Атауы

Рөлі

1958

ф

Девушка с гитарой

пиротехник

1959

ф

Неподдающиеся

Альберт Клячкин

1960

ф

Пёс Барбос и необычный кросс

Балбес

1960

ф

Мёртвые души

половой в трактире

1961

ф

Иван Рыбаков

 

1961

ф

Человек ниоткуда

старшина милиции

1961

ф

Когда деревья были большими

Кузьма Иорданов

1961

ф

Друг мой, Колька!

Вася

1961

ф

Самогонщики

Балбес

1961

ф

Укрощение строптивой

руководитель церковного хора мальчиков

1962

ф

Деловые люди. Новелла «Родственные души»

грабитель

1962

ф

Молодо-зелено

шофёр Николай

1963

ф

Без страха и упрека

клоун в цирке

1963

ф

Большой фитиль

Петя-Петушок, вор-домушник

1964

ф

Ко мне, Мухтар!

Глазычев

1965

ф

Операция «Ы» и другие приключения Шурика

Балбес

1965

ф

Дайте жалобную книгу

продавец

1965

ф

Фантазёры

человек на пляже

1965

ф

Маленький беглец

камео

1966

ф

Кавказская пленница, или Новые приключения Шурика

Балбес

1966

ф

Андрей Рублёв

Патрикей

1968

ф

Бриллиантовая рука

Семён Семёныч Горбунков

1968

ф

Семь стариков и одна девушка

Балбес

1968

ф

Новенькая

 

1970

ф

Денискины рассказы

 

1971

ф

Старики-разбойники

Мячиков

1971

ф

Телеграмма

Фёдор Фёдорович

1971

ф

12 стульев

дворник Тихон

1972

ф

Точка, точка, запятая

папа Лёши

1976

ф

Приключения Травки

клоун Чичимори

1976

ф

Они сражались за Родину

Некрасов

1976

ф

Двадцать дней без войны

Лопатин

1976

мф

Бобик в гостях у Барбоса

Бобик

1979

ф

Тут… недалеко

приезжий

1982

ф

Не хочу быть взрослым

 

1983

ф

Чучело

Николай Николаевич Бессольцев, дедушка Лены

1983

ф

Киножурнал «Ералаш», № 38

дядя Юра

1991

ф

Капитан Крокус

 

 Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ