Вахтанг Кикабидзенің өлімі туралы ақпарат тарады

Вахтанг Кикабидзенің өлімі туралы ақпарат тарады

Грузиндік әлеуметтік желілерде танымал грузиялық әнші әрі актер Вахтанг Кикабидзенің өлімі туралы ақпарат тарап кетті. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.

Дегенмен актердің продюсері Сосо Абзианидзе бұл алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды. "Вахтангпен қазір ғана сөйлестім, денсаулығы да, көңіл-күйі де тамаша. Ол өлер алдында бұл әңгімелерді таратып жүргендерге ескертіп кететіндігін айтып әзілдеді", - деді Абзианидзе.

"Біз қазір Батумиде репетиция жасап жатырмыз. Тблисиге екі күнге келдік. Вахтанг Канададан келетін ұлын күтіп алмақшы. Сосын ертең балық аулауға шығуды жоспарлап отырмыз. Ал тамыздың 10-20 аралығында Батумиде "Мелодии Верийского квартала" (Верия кварталының әуендері) спектаклін қоятын боламыз", - дегенді қоса айтты продюсер.

Айта кетелік, актер бұдан кейін гастрольдік сапармен Украинаға жол тартатын болады. Содан соң әншіні Қазақстан күтіп алады. Вахтанг елімізде екі концерт қоюды жоспарлап отыр.

Вахтанг Кикабидзе. Тыныштық

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: festival.vitebsk.by