Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Аян Өтепберген: "Мені жек көретіндер жетерлік"

Аян Өтепберген: "Мені жек көретіндер жетерлік"

Аян Өтепберген:

"Жаужүрек Мың бала" фильмінде Таймас рөлін сомдаған жас актер Аян Өтепбергенмен болған сұхбат

Сұхбатымызды өскен ортаңыздан бастасақ

Алматы қаласында дүниеге келгенмін. Жанұямда бес жан: ата-анам, әпкем, мен және қарындасым. Ата-анамның өнерге еш қатысы жоқ. Анамның анда-санда қалам тербетіп, өлең жазатыны бар. «Әу демейтін қазақ жоқ» дегендей, әкем ара-тұра домбыра шертіп, ән салып қояды. Өтепберген әулетінде өнер жолын таңдаған жалғыз адам ғана бар. Ол - мен. Тегіміз бірдей болмаса, белгілі актер Меңтай Өтепбергенмен, белгілі режиссер Серік Өтепбергенмен арамызда еш туыстық қарым-қатынас жоқ.

Өнер жолына түсуіңізге ата-анаңыз қарсылық білдірген жоқ па?

О не дегеніңіз! Керісінше, ата-анам жол сілтеп, маған бағыт-бағдар берді. Олардың айтуынша, адам өмірінде өзі үш рет таңдау жасайды. Бірінші мамандық, екінші жар, үшінші достар таңдаған кезде. Сондықтан да, олар тарапынан қарсылық болған емес. Себебі, менің өнерге деген ерекше ықыласымды көріп, біліп жүрді.

Қалай ойлайсыз, егер өнер жолын таңдамасаңыз, қазір кім болар едіңіз?

Өзім техникаға жақынмын. Актер болмасам, бәлкім, электроэнергетика, автомобиль саласын таңдап кетер ме едім.

Кейіпкеріңіз Таймастың қандай жағымды әрі жағымсыз қасиеттерін айтар едіңіз

Таймастың жақсы қасиетінің бірі ол тез шешім қабылдайды. Ал жағымсыз тұсы – өте қызуқанды адам. Мен де, негізі, өмірде қызуқандымын. Көркем шығарма болғандықтан, Таймас бойынан көреалмаушылық, бақталастық қасиеттерді көруге болады. Бірақ та, Таймас өзіме қатты ұнайды.

Бәлкім, ол сіздің кинодағы алғашқы рөліңіз болғандықтан болар

«Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Таймас өзіме ерекше ыстық. Таймас образы да жаныма жақын. Бұл менің фильмдегі дебюттік рөлім.

Ал Таймас бойындағы қызғаныш, бәсекелестік қасиеттер жайлы ойыңызды білсем

Пенде болғаннан кейін, әрине, мұндай қасиеттер әркімде болады. Тек ол игі мақсатта болу керек сияқты. Бәсекеге түсіп, адамзаттың бір-біріне зиян келтірмегені жөн.

Түсірілім кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Ештеңе оңайлықпен келмейді. Түсірілім жұмыстарының қызығы да, шыжығы да мол болды. Қатты қиналғаным басымды ауыртып алып, саусағымды шығарып алған кез ғана. Сол тұста ғана физикалық жағынан қиын болды.

Ал қандай қызықты оқиғалар болды?

Небір қызықтар өтті ғой. Сартай өлген тұста, барлық жігіттер жиналып: «Жігіттер, не істейміз? Төменге түсіп, жоңғарларды торуылдап, Сартайды іздейміз» деген сәт бар. Сол кезді түсірген болатынбыз. Дубль жүріп, менің монологым кетіп жатыр. Бір кезде есіме бір қызықты жайт түсіп кетіп, мен күліп жібердім. Ақан аға: «Жігіттер, жиналыңдар. Ал кеттік!» деп бастап кетеді. Мен болсам, айтып келе жатып, еріксіз қайта күліп жіберемін. Менің күлгенімді көрген өзгелер де күле береді. Ішегіміз түйілгенше әбден күліп, әйтеуір, сол дубльді түсірдік.

Қаншама жастардың арасынан суырылып шығып, киноға түсіп, халықтың ерекше қошеметіне бөлініп жүрсіздер...

Иә, күні кеше ғана Асылхан екеуміз кастингтерді іздеп жүріп қатысып, Қазақфильм табалдырығын талай тоздырған едік. Бағымыз жанып, екеуміз де тарихи кинодан көрініп отырмыз. Бастан өткен күндерді, түсірілім барысын ерекше сағынышпен еске аламын. Бүгін, міне, жүздеген адамның еңбегінің арқасында «Жаужүрек Мың бала» киносы көгілдір экраннан көрсетіліп, оның DVD-нұсқасы жарыққа шықты. Тіпті, өңім бе, әлде түсім бе деп сенер-сенбесіңді білмейсің.

Өзіңіз фильмді қанша мәрте тамашаладыңыз?

Өтірік айтпасам, 15 рет көрдім.

Өз рөліңізге көңіліңіз толды ма?

Шыны керек, кейде маған фильмдегі Таймас мен емес болып көрінеді. Өзімді экраннан көре алмаймын. Мен емес деген сияқты ойлар да жоқ емес.

Кино жарыққа шыққан бойда көрермендер тарапынан қандай пікірлер естіп жатырсыз?

Тұсаукесерден кейін жаныма бір қыз келіп: «Мен сізді жек көремін» деп келді. Жүзі сұсты, қабағы қатыңқы. Өз сөздерін сондай жиіркенішпен, сондай ызамен айтты. Менен ала алмай жүрген өші бардай маған жаман қарайды. Шынымды айтсам, шошып кеттім. Не істер екен, не айтар екен деп ойладым. Тағы бір күні орысша сөйлейтін қыз келіп, суретке түсіп, маған қарап: «Я тебя ненавижу» деп айтты. Онда неге суретке түсіп жатырсың деген сұрағыма, «Ну, ты же актер» деп жауап қатты. Сондай кезде бір түрлі болып қаламын.

Жақында Асылхан үлкен марапатқа ие болды. Шыныңызды айтыңызшы, «Маған неліктен төсбелгі берген жоқ» деген ой болды ма?

Маған негізі берген, бірақ мен өзім бас тарттым (күлді)

Солай ма?

Қалжың ғой. Асылханға берсін, басқаға берсін, кімге берсе де, мен оған тек қуанамын.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларды өзіңіз жүргізесіз бе?

Иә, фэйсбук, твиттер, вконтакте желістеріндегі парақшаларымды өзім жүргіземін. Тек, мен «Мой Мир» желісінде жоқпын. Ол жақта менің атымнан парақшалар болса, ол менің атымнан ашылған жалған парақшалар.

Келген хаттарға жауап қатасыз ба?

Кейде адамды кемсітіп, шамына тиетін хаттар келеді. «Сіз актерсіз бе?», «Киноға түскенсің бе?» деген сияқты сұрақтарды қоятын жандар өз сауалдарының жауабын біле тұра сұрап жатады. Ал негізі, көбіне өз ой-пікірлерін, игі тілектерін білдіретін хаттар келеді. Оларға ризашылығымды айтып, жауап беремін.

Қандай да бір құдіретті күштерге, ырым-тыйымға сенесіз бе?

Менің ойымша, біздің орындап, сеніп жүрген ырым-тыйымдар бізге сонау ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдаған сәттен келіп жеткен. Мұсылман баласы болғаннан кейін оларға дұрыс қараймын. Ал енді «Қара мысық алдыңды кесіп кетсе, жолың болмайды», «Есек ақырса, құлағыңды ұста» деген бос ырымдарды орындамақ түгілі, оларға аса мән беріп жатпаймын.

Оқырман қауымға айтар тілегіңіз

«Жаужүрек Мың бала» фильміне білдіріп жатқан зор ықыластарыңызға мың да бір рахмет! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Көп рахмет, Аян!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер Аян Өтепбергеннің жеке мұрағатынан алынған

18574 19
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 18 шілде 2012, 14:40
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 12:15

:D :D төсбелгі туралы жақсы сұрақ екен :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
18 шілде 2012, 13:07

мен жек көрмеймін))

+0
18 шілде 2012, 13:38

жақсы жігіт

+0
18 шілде 2012, 13:41

Негізі маған маған да Таймас ұнады кинода :!:

+0
18 шілде 2012, 13:43

Маған Сартай образынан гөрі Таймас образы ұнады. Аян өзіне артқан үміт-сенімді толық атқарғандай

+0
18 шілде 2012, 13:51

2-ші Бекежан дейтін болдым. Сол кісі сияқты Аянды адамдар өмірде Таймас деп қабылдап жатыр екен ғой)

+0
18 шілде 2012, 13:52

Иә, жек көріп, жиіркелене қарап :lol:

+0
18 шілде 2012, 13:56

Мықты актер болып қалыптасуына тілектеспін. Оған табиғат түр-тұлғаны беріп қойған, тек енді еңбегін аямасын,

+0
18 шілде 2012, 15:00

жаужүректегі рөлі нағыз батырға ұқсайды

+0
18 шілде 2012, 17:56

Асанәлі дүкенде жүрсе, бір кішкене бала жүгіріп келіп:
- Аға, сіз Төлегенді неге өлтірдіңіз - деп сұрапты...
- Сол балаға не деп жауап берерімді білмедім - депті актер кейініректе.

+0
18 шілде 2012, 23:44

Jaksi jigit,,, nagiz akter :!: :!:

+0
20 шілде 2012, 09:57

ия маган да унайды Аян мен де жек кормеймин оны. "Жек коремин" деген созди еси толыспаганДАР айткан шыгар. неси бар олай айтып Аян тек кана оз ролин сомдаган болды гой. Кызык адамдар!!!

+0
21 шілде 2012, 17:10

Таймастың рөлін ойнаған жігіт маладессс!!! Ұнады!

+0
21 шілде 2012, 17:56

Рөлде жағымсыз кейіпкер болу,жақсы кейіпкердің рөлін сомдаған адамнан әлде қайда өнерлі, батыл да батыр,жүректі азаматтың ғана қолынан келеді.
Аянның кейін әлемдік жұлдыз болатынына сенемін!
аа иа кімде Аянның вконтакте, фейзбук тегі парақшы адресі бар?

+0
22 шілде 2012, 00:00

http://vk.com/id125244459 мінее, ренжімес деп ойлаймын, онсыз да 5000 астам досы бар.

+0
21 шілде 2012, 19:08

асылханнан қарағанда маған аяе ұнайды :D

+0
21 шілде 2012, 19:09

кешіріңіз аян :D

+0
24 шілде 2012, 19:37

Akzhelen )) kop rahmet.jaksy dos bolyp aldym,5001 inshisi bolyp!! :lol:

+0
24 шілде 2012, 21:43

:D оқасы жоқ!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...