Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Маржан Арапбаева Парижде қамауға алынды

Маржан Арапбаева Парижде қамауға алынды

Маржан Арапбаева Парижде қамауға алынды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі, «Жас Қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» және т.с.с. халықаралық байқаулардың жүлдегері, «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы, белгілі әнші Маржан Арапбаеваны Париж қаласында тәртіп сақшылары қамауға алды.

Әнші жазғы демалысты ойдағыдай өткізу үшін Франция астанасы Парижге өнердегі достарымен бірге ат басын бұрған екен. Экскурсиялық бағдарламамен әсем қаланың көрікті мекендерін аралап жүріп, келбеті мен табиғатына тамсанып, олар жергілікті қоғамдық көліктердің біріне мінеді. Алайда, трамвайда жол жүру ақылы екенін естен шығарған. Жол ақысын уақытылы төлемегені үшін оларды бақылаушы ұстап, жақын арадағы полиция учаскесіне апарған. Тәртіп сақшыларына арман қаланың сұлулығына тәнті болғаны соншалықты тіпті, жол ақысын төлеуді ұмытып кеткендерін айтқан көрінеді. Бірнеше уақыт учаскеде өткізіп, кешірім сұрап, ақтық сөздерін айтып әнші достарымен бірге полиция қызметкерлерінен оларды босатуын өтініп сұрайды. Әйтсе де, қатал заң барлығына ортақ. Полиция қызметкерлері қазақстандық тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салған. Соған қарамастан, әнші өнердегі әріптестерімен бірге қабағы қатыңқы, талапшыл тәртіп сақшыларының тілін табады. Кең тынысты зор дауысымен полиция учаскесінде қазақ тілінде ән шырқап беріп, полиция қызметкерлерінің көңілін аулаған екен. Мұндай тосын сыйдан кейін құқық органдарының қызметкерлері тәртіп бұзған өнерпаздарды босатқан екен. Париждің қатал тәртіп сақшыларының көңілін жібіткен қазақ әнінің құдіреті ме, әлде көмейіне бұлбұл ұя салған әншінің қоңыр үні ме, белгісіз. Сірә, әншінің алғырлығын полиция қызметкерлері жоғары бағаласа керек.


Дәл сол сәтте әнші және оның достары не күлерін, не жыларын білмегендері айдан анық. Дегенмен, елге оралған әнші Парижде бастан кешірген оқиғаны қазір күлкіге бөлене еске алады. «Көл бақасыз, адам қатесіз болмас» дегендей, әнші әр адамның өмірінде кішігірім ақымақ істердің болатынына түсіністікпен қарайды. Өз әрекетін де осындай қателіктердің біріне теңейді.

Париждегі қызықты демалыстан кейін бүгінде әнші шығармашылығымен тығыз айналысуда. Ән қоржынын кеңейтіп, «Тек қана алға» әнінің бейнебаянының түсіріліміне дайындық үстінде. Жаңа бейнебаян күз мезгілінде көгілдір экраннан көрсетіледі деп жоспарлануда.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер әншінің жеке мұрағатынан алынған 

9105 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 шілде 2012, 12:51
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 11:07

«Көл бақасыз, адам қатесіз болмас» :)

+0
12 шілде 2012, 11:13

Қамауға алынды дегенге түсінбей қалғаным

+0
12 шілде 2012, 11:46

Не деген қатал тәртіп..

+0
12 шілде 2012, 13:34

Бізден гөрі жақсы сияқты ғой,ән тыңдап шығарып салса, біздің көліктегі есерсоқтар ұрып өлтірер,төлемесең.

+0
12 шілде 2012, 13:38

Таяқ жемегеніне шүкір дейсіз ғой))

+0
12 шілде 2012, 14:07

Тек қана алға! әнін тыңдадым, жақсы шыққан екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...