Леонардо Ди Каприоның қаламақысы – 25 миллион доллар

Леонардо Ди Каприоның қаламақысы – 25 миллион доллар

40 жастағы Леонардо Ди Каприо Голливудтағы ең жоғары қаламақы алатын актерлердің көшін бастады. Жұлдыздың қаламақысы 25 миллион долларды құрады. 

The Hollywood Reporter америкалық журналының жазуынша, актер "Уолл-стрит қасқыры" фильміндегі рөлі үшін 25 миллион долларға ие болған. 

Сандра Баллок, Мэтт Деймон, кіші Роберт Дауни және Дензел Вашингтондарға бір рөлі үшін 20 миллион доллар төленсе, Анджелина Джоли бір рөлді 15-20 миллион долларға сомдайды екен. Ал Брэдли Купер, Дженнифер Лоуренстің 10-15 миллион доллар қаламақы алатыны белгілі болды. 

Ұқсас жазбалар:

Ди Каприо кинодан кететінін айтты

Оскар алмағандар

Сурет: showbizdaily.ruen.tengrinews.kz

Н. Айдархан