«Өмір жолы» жобасының аясында ардагерлер кеңесіне «Өмір түймелері» берілді

«Өмір жолы» жобасының аясында ардагерлер кеңесіне «Өмір түймелері» берілді

Қарағандыда «Өмір жолы» бірегей жобасының аясында Қалалық ардагерлер кеңесіне «Өмір түймелері» берілді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қоры Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кең ауқымды науқанын өткізуді жалғастыруда. Науқан аясында Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары – ардагерлерді шұғыл көмек жүйесіне қосуға бағытталған «Өмір Жолы» («Линия жизни») әлеуметтік жобасын жүзеге асыру да қолға алынған. Жүйенің өзі стационарлық және ұялы құрылғыларды қосады, оған шұғыл көмекке шақыратын «шұғылтүйме» орнатылған.

2 ақпан, дүйсенбі күні Қарағанды қаласында «Өмір Жолы» қоғамдық қоры Облыстық ардагерлер кеңесіне шұғыл түймелермен жабдықталған ұялы құрылғыларды берді. Қазақстанның облыс орталығында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының барлық 351 ардагері өздерінің ұялы құрылғыларын алдағы екі апта ішінде алады деп күтілуде.

«Осы Жеңіске қолына қару ұстап, өз үлесін қосқан 45 мың қарағандылықтан бүгінде арамызда ҰОС 351 қатысушылары мен мүгедектері қалды. Уақытқа билік жүрмейді, бүгінде олар қартайған, денсаулықтары сыр бере бастаған. Сондықтан медициналық көмек оларға жиі шұғыл қажет болып жатады», - деді өз сөзінде «Ардагерлер ұйымы» РҚБ кеңесінің облыстық филиалының төрағасы Төреғожин О.Т.

«Өмір Жолы» қорының атқарушы директоры Эрнар Нұрбековтің айтуынша: «Келесі болып кезекте Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Бұл облыста 376 ардагерге беріледі. 30 сәуірге дейін біз соғыстың барлық 5083 ардагерін «Өмір Жолы» жүйесіне қосуды аяқтаймыз». «Өмір түймесінің» өзі қолдануы жеңіл құрылғы болып табылады. Оның девайсы ұялы телефон сияқты, оның артында «SOS» түймесі орналасқан. Оны басқанда ардагер көмек орталығына сигнал жібере алады. Үш секунд бойы оператордың алдында абоненттің жеке картасы шығады, онда оның ауруларының барлық белгілері жазылған. Құрылғы дыбысы қатты байланыс және микрофонмен жабдықталған. Оператор нақтылайтын сұрақтар қойып, абонентпен тілдесе алады. Егер адамның халі мүлдем мүшкіл болып, сөйлесуге шамасы келмесе, оператор дереу «жедел жәрдем» шақырады. Ары қарай оператор ардагерге қажетті көмек көрсете алатын барлық туыстарына немесе жақындарына хабар таратады».

Жұмыс Қазақстан Республикасының Ардагерлері ұйымымен, «Еуразиялық медиа форум» халықаралық қорымен, «Өмір Жолы» қоғамдық қорымен, «Beeline» байланыс операторымен және басқа да серіктес-ұйымдармен бірге жүргізіледі.

«Еуразиялық медиа форум» бас директоры Руслан Жемковтың айтуынша: «Осы әлеуметтік жобаны жүзеге асырғанда ардагерлерге көмек бір мәрте ғана емес, кешенді және жүйелі түрде жасалатынына назар аудару керек. ҰОС ардагерлерінің барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысамыз».

 Сурет: zhenis.kz 

Е. Жұмабайұлы