Журналист Аида Боранбай тұрмысқа шықты

Журналист Аида Боранбай тұрмысқа шықты

Танымал журналист Аида Боранбай кеше, Алматы қаласында ұзатылды. Бұл туралы 31 арнаның инстаграмдағы жеке парақшасы хабарлады. Аиданың таңдауы Ерсайын есімді серіге түскен екен. 

«Информбюроның» жүргізуші-корреспонденті Аида Боранбайды ұзату тойымен құттықтаймыз! Аида, қадамыңа гүл бітсін! Барған жеріңе тастай батып, судай сің! - делінген парақшада. 

Аида Боранбай 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжді тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады.

Аиданың ұзату тойына Айқын, Кенжебек Жанәбілов, Абай Бегей, Бүркіт сияқты отандық эстраданың жұлдыздары да келген. 

Massaget.kz порталы өз кезегінде Ерсайын мен Аидаға сарқылмас бақыт, таусылмас махаббат тілейді! 

Сурет: instagram.com/maksat_tolykbai, instagram.com/kenzhebekmuzart, instagram.com/31arna, vk.com

М. Оңғарова