Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақтың опера әншісі Әлібек Дінішев

Қазақтың опера әншісі Әлібек Дінішев

Қазақтың опера әншісі Әлібек Дінішев

Дінішев Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 31 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Әкесі Мұса Бөкенбайұлының арғы тегі Батыс Қазақстан облысы, Казталовка өңірінен шыққан.

Соғыста «Отан» газетінің әскердегі тілшісі болған, ауылына аман-есен оралған соң, Алматыға қоныс аударады.  Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған ол "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі «Парасат») журналының негізін қалап, ұзақ уақыт бас редактор қызметінде болды. Бойнидің «Овод» романын қазақ тіліне аударған. Редакторлық қызметімен қатар, Мұса Бөкенбайұлы ҚазКСР-дың Мәдениет министрінің орынбасары болды. Анасы Кәмила ағайынды Ришат және Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға береді. Музыкалық мектепте Әлібек аккордеон аспабында ойнауды үйреніп, өзі оқитын №33 орта мектептің көркем үйірмесіне қатысып жүрді. Ән айтып, көптеген жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. 8 сыныпты бітіргеннен соң, Әлібек Мұсаұлы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түсіп, оны 1970 жылы бітіреді. Кейін әкесімен бірге Ленинград консерваториясына барып, оқуға тапсырады. Алайда, жолы болмай, Алматыға оралады. Ағасы Ришат Абдуллиннің кеңесіне сүйене отырып, 1970 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы) вокал факультетіне Н.А.Шәріпованың класына оқуға түседі. 1975 жылы Әлібек Дінішев Глинки атындағы Бүкілодақтық вокал байқауына қатысады. Байқауда «Я помню чудное мгновенье» романсын орындап, бірінші орынға ие болып, лауреат атағын иеленеді. Студент кезінде бірталай халықаралық байқауларға қатысып, барлығынан жүлделі орындар алып келеді.


1976 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының әншісі болып қызмет атқарады.

1977 жылы Цвиккау қаласында өткен Халықаралық байқауға қатысып, 2 жүлдеге ие болып, лауреат аттанады.

1978 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының әншісі болады.

1979 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Халықаралық Вокал байқауына қатысып, лауреат атанады. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығына ие болады.


Әлібек Дінішев камералық бағдарлармалармен Еуропаның ірі концерттік залдарында өнер көрсетіп, Үлкен театр қойылымдарына қатысты.

1997 жылы жезтаңдай әнші "Әлібек Дінішев атындағы вокал академиясын" ашты.

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

8676 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 маусым 2013, 09:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...