Гарри Поттер жұлдызы таксидің ақшасын 2 жылдан кейін төледі

Гарри Поттер жұлдызы таксидің ақшасын 2 жылдан кейін төледі

Гарри Поттер жұлдызы Дэниел Рэдклифф  қызметін пайдаланған таксидің ақшасын 2 жылдан кейін төлеп, өзінің айтқан сөзінде тұратын адам екенін дәлелдеді. 2012 жылы Дэн Ирландия чемпионатынан соң «Dublin Minor» клубының футболшыларымен уақыт өткізеді.

Артынша такси шақырмақ болған кезде қалтасында ақшасы қалмағанын түсінеді. Жомарт футболшылар жұлдыз үшін ойланбастан ақша төлеп, бұл жағдай туралы мүлдем ұмытады. Ал Дэн мұны бір сәт те есінен шығармаған екен.

Жақын күндердің бірінде жұлдыз футболшы достарымен кездесіп, оларға 50 еуро ақша ұсынған. Ақшаның жанында бір хат бар. Ол хатта былай жазылған екен: «Сәлем, жігіттер! Сендерге таксиге төлеген ақшаларың үшін тағы бір мәрте рақмет айтқым келеді. Алған ақшамды қайтармағанымда мен ары қарай жайлы өмір сүре алмас едім. Тағы да бір рет: Сендермен бірге өткізген уақыт өте көңілді болды! Бұл ақша жеткілікті болар деген үміттемін».

Әрине, екі жыл бұрын таксидің құны арзан болатын. Алайда Дэн пайыз мәселесін де ескерген сияқты.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: cosmo.ru



Қ. Бүйенбай