Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Шәкен Айманов - Қазақ киносының саңлағы

Шәкен Айманов - Қазақ киносының саңлағы

Шәкен Айманов - Қазақ киносының саңлағы

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады.  1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.

 Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері («Ақан сері — Ақтоқты», Ғ. Мүсірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев («Түнгі сарын, М.Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Шадрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға-тұсау»,  Шекспир), Отелло («Отелло», Шекспир).

1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.

1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі. 1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді.

Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына  үлкен үлесін қосты.

1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.

1940 жылы КОКП мүшесі болып, Қазақ Жоғары Кеңесінің ІV және VІІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында көлік апатында қайтыс болып, Алматыдағы Орталық зиратта жерленген.

Шәкен Айманов жайлы естелік

  • ·    Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі беріліп, аумағына актер бюсті орнатылған. Киностудияда Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды.
  • ·         Алматы қаласында көше аты берілген.
  • ·         Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.

Режиссерлік еңбектері:

  • 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
  • 1961 «Бір ауданда»
  • 1961 «Әуен шақырады»
  • 1962 «Жол торабы»
  • 1964 «Алдар көсе»
  • 1966 «Атамекен»
  • 1968 «Тақиялы періште»
  • 1970 «Атаманның ақыры»

Фильмография:

  • 1938 «Амангелді» — эпизод
  • 1940 «Райхан» — Сәрсен
  • 1943 «Ақ раушан» — майдангер
  • 1945 «Абай әндері» — Шәріп
  • 1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
  • 1953 «Жамбыл» — Жамбыл
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
  • 1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
  • 1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай

Сценарий авторы:

  • 1968 «Тақиялы періште» (Я. Зискиндпен бірге)

Көркемдік жетекші:

  • 1959 «Өмірге жол»
  • 1966 «Ән қанатында»

Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:

  • 1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)
  • 1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін)
  • 1958 — Ташкент. Африка және  Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
  • 1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
  • 1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік  режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін)
  • 1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік  К.Байсейітова атындағы сыйлық  (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне)
  • 1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін)
  • 1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік  сыйлығы  (марқұм болған соң,  «Атаманның ақыры» фильмі үшін)
  • Ленин ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Екі «Құрмет Белгісі» ордені

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

12039 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 желтоқсан 2011, 09:18
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...